Үлкен тенниске қадам

Өткен жұма күні Көкшетаудағы теннис орталығында теннистен Қазақстан Республикасы құрамасының мүшесі, 2014 жылы Инчхонда өткен Азия ойындарының жеңімпазы Александр Недовесов балалармен  шеберлік сыныбын өткізді.

Орталықтың меңгерушісі Ольга Крахмалюктің айтуынша, үш қысқы, үш жазғы корты бар теннис орталығы толық жабдықталған. Спорт залдың іші жарық, ауасы тазартылып тұрады. Мұнда балалардың жуынатын, киім ауыстыратын орындары жұмыс істейді. Ульяна Жанғалова, Елена Горлачева, Денис Лигачев тәрізді жаттықтырушылар аптасына үш рет сабақ өткізеді. Жаттығудың айлық ақысы 4 мың теңге болса, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардың балалары тегін қатысады.
Шара салтанатында «Бурабай» спорт сарайының директоры Ерлан Бөкенбаев сөз сөйлеп, әйгілі спортшының жас ұрпақпен кездесуінің маңыздылығына тоқталды. Алдағы уақытта спорттың бұл түрінің жанданатынын жеткізді. Теннистен Ақмола федерациясының төрағасы Марат Өтембаев өз сөзінде балалар мен ата-аналарының атынан Азия ойындарының жеңімпазына алғысын білдіріп, жас жеткіншектерді оған қарап бой түзеуге шақырды. 2014-2015 жылдары теннистен Дэвис кубогының ширек финалисі Александр Недовесов өз кезегінде мұндай теннис орталығына қызығушылығын білдіріп, балаларға жүрекжарды тілегін айтты.

Рамазан ТІЛЕУОВ

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар