Карантиндік шектеу шаралары туралы

Қазақстан Республикасының халқы арасында COVID–19 короновирустық инфекциясының (бұдан әрі- COVID-19) таралуының алдын алу  мақсатында және  «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы 2020 жылғы 07 шілдедегі Кодексінің  9-, 36-, 102-, 104- және 107- баптарына, «Пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 130 бұйрығына және «Шектеу іс-шараларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы»  Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 239 бұйрығына, «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67, «Карантиндік шектеу шаралары және оны кезең-кезеңмен жеңілдету туралы» 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 68 қаулыларына сәйкес және Ақмола облысының тұрғындары арасында COVID-19 ауруының 6917 жағдайы тіркелуіне байланысты ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Ақмола облысының аумағында шаруашылық және өзге де қызмет пен халықтың өмір сүруінің ерекше жағдайларын эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін Ақмола облысының аумағында шектеу іс-шараларының жүргізілуі қамтамасыз етілсін.
  2. Ақмола облысының тұрғындары:
  • ҚР БМСД-нің № 67 қаулыға № 4-қосымшаға сәйкес жеке қорғаныш құралдарын (бір рет және бірнеше рет қолданылатын бетперделерді) қолдану және кәдеге жарату алгоритмін және кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтауды қамтамасыз етсін;
  • отбасылық, естелік (банкет, үйлену той, мерейтой, дұға) және көпшілік жиналатын өзге де іс-шараларды, оның ішінде үйде өткізуге тыйым салынсын;
  • облыс тұрғындарына қоғамдық тамақтану объектілерінде, сондай-ақ үйде (отбасылық, естелік іс-шаралары (банкет, үйлену той, мерейтой, мерекелік корпоратив, дұға) ұйымдастырылған көпшілік жиналатын іс-шараларға баруға тыйым салынсын;
  • әлеуметтік қашықтықты және жеке қорғаныш құралдарын (бір рет және бірнеше рет қолданылатын бетперделерді) қолдану мен кәдеге жаратуды сақтай отырып, ойын-сауық орындарсыз саябақтарға, алаңдарға, скверлерге және өзге де демалыс орындарына топта 3 адамнан артық болмауы керек немесе бір отбасы мүшелеріне баруға рұқсат берілсін;
  • жерлеу іс-шараларын жүргізу кезінде кемінде 2 метр қашықтықты сақтай отырып, (отбасы мүшелері) 30 адамнан артық жиналуға жол берілмесін.
  1. Аудандар мен Көкшетау, Степногорск қалаларының әкімдері, «Атамекен» ӨКП:
  • БМСД-нің №67 қаулыға 1-қосымшаға сәйкес тиісті Дайындық актілерін

алғаннан кейін объектілердің қызметін жандандыруды;

  • kz сайтынан электрондық форматта берілетін санитариялық нормаларға сәйкес келетін Сәйкестік Актісі негізінде;
  • объекті кіре берісінде санитариялық нормаларға Сәйкестік актісін көзге көрнетін жерге көпшілік мониторинг мүмкіндігі үшін орналастыруды;
  • шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин енгізілген кезде объектілердің жұмысына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптармен танысу үшін InfoKazakhstan.kz сайтында объектінің жұмысы туралы халықты, жеке және заңды тұлғаларды хабардар етуді;
  • бұзушылықтарды жою үшін кәсіпкерлер дер кезінде шара қабылдау мақсатында шағымдарды және карантин режимін бұзу фактілерін орналастыру үшін InfoKazakhstan. kz сайтты пайдалануды;
  • шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілген кезде объектілердің жұмысына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын кәсіпкерлік субъектілерін тексеруді жүзеге асыратын инспекторлар мен аудитор ұйымдарының тізімін InfoKazakhstan.kz сайтына орналастыруды;
  • kz сайтындағы объектінің паспортына келушілердің үй-

жайлардың жоспарланған толтырылуы туралы мәліметтерді кәсіпкерлік субъектісінің енгізуін (шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңіндегі объектілердің қызметіне қойылатын талаптарға сәйкес, ҚР БМСД-нің №67 қаулысының қосымшаларында айқындалатын 1 адамға белгіленген алаң ескеріле отырып айқындалады және енгізіледі);

  • «InfoKazakhstan» электрондық порталының жұмысы іске қосылғаннан кейін, объектілер белгіленген талаптарға сәйкес келген кезде бизнес объектілерінің қызметін қайта бастауға арналған актіні электрондық түрде беруді қамтамасыз етсін.
  1. Аудандар мен Көкшетау, Степногорск қалаларының әкімдері:
  • көпшілік іс-шараларын (мерекелік, спорттағы көпшілік, ойын-сауық мәдени-көпшілік іс-шараларды, форум, конференция, семинар, көрме және т.б. өткізуге), отбасылық, естелік іс-шараларды (банкет, үйлену тойы, мерейтой, дұға) және көпшілік жиналатын өзге де іс-шараларды, оның ішінде үйде өткізуге тыйым салуды;
  • жаңа жыл ертеңгіліктерін, мерекелік корпоративтерді ұйымдастыруға және өткізуге әсіресе 2020 жылғы 30 желтоқсаннан бастап 2021 жылғы 5 қаңтарға дейін тыйым салуды;
  • ойын-сауық мекемелері (караоке, бильярд, боулинг орталықтары, компьютер клубтары, түнгі клубтар, жабық үй-жайлардағы балалардың ойын алаңдары мен аттракциондары, батут және тағы басқалар), букмекер кеңселерінің және ересектер мен балаларға арналған өзге де ойын-сауық орындарының, кальян мекемелерінің (оның ішінде қоғамдық тамақтану объектілеріндегі) қызметіне тыйым салуды;
  • банкет залдарының қызметіне тыйым салуды;
  • мәдениет объектілер қызметіне (жеке, топтағы репетиция);
  • Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде өтетін оқу-жаттығу жиындары мен жарыстарға қатысуы үшін спортшылардың шығыуна тыйым салуды;
  • кезекші топтарды қоспағанда, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің қызметіне тыйым салынсын. ҚР БМСД-нің № 67 қаулысының талаптарын сақтаған кезде және 15 адамнан артық емес мектепке дейінгі балалар мекемелерінің кезекші топтарының қызметіне жол беру;
  • жүйелі жүретін облысаралық, қалааралық автобус (микроавтобус) қозғалысын тоқтата тұруды;
  • жүйелі жүрмейтін облысаралық (туристік тасымал) қозғалысты тоқтата тұруды;
  • жүйелі жүрмейтін қалалық (туристік тасымал) қозғалысты тоқтата тұруды;
  • қала маңындағы жолаушылар поездарының/электр пойыздарының жалпы вагонсыз қозғалысын жандандыруды;
  • жеке автокөліктің өңірлер арасында жүріп-тұруына рұқсат беруді;
  • ҚР БМСД № 67 қаулыға 3-қосымшаға сәйкес алгоритмді сақтай отырып, (қашықтықтан өткізу мүмкіндігі болмаған кезде) кеңестерді (отырыс) бетпе-бет режимде өткізуге рұқсат беруді;
  • белгіленген талаптарды сақтай отырып және ұжымдық іс-шараларды өткізбей діни объектілердің (мешіт, шіркеу, собор, синагога және т. б.) қызметіне рұқсат беруді;
  • кітапхана, мұражай, гүлдер дүкені, фотосалон қызметіне рұқсат беруді;
  • театр мен кинотеатр қызметін тоқтата тұруды;
  • сауда-ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлеріндегі фудкорттардың (жұмыс режимін сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін шектей отырып, тамақты үйге жеткізетін және сыртқа шығаратын қылып) қызметіне рұқсат беруді қамтамасыз етсін;
  • ҚР БМСД-нің № 67 қаулысының талаптарын сақтай отырып, азық-түлік және азық-түлік емес ашық базарлардың қызметіне рұқсат берілсін. Жексенбі күндері қызметті тоқтата тұруды;
  • ҚР БМСД-нің № 67 қаулысының талаптарын сақтай отырып, (объект персоналы қорғау құралдарымен қамтылуы тиіс, персонал қолғапсыз, бетпердесіз жұмысқа жіберілмейді, келушілерге қызмет көрсеткен кезде персоналдың (официант) қолғапсыз, қорғау экрансыз жұмыс жасауына рұқсат берілмейді), көпшілік жиналатын салтанатты, отбасылық, естелік, ұжымдық және басқа да іс-шараларды өткізбей, жұмыс тәртібі сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін, келушілердің саны 50%-ға дейін, бірақ отыратын орын 30-дан артық емес, үстел арасындағы қашықтық 2 метрден кем емес және келушілер арасында 1 метрден кем емес қашықтықты сақтаған жағдайда қоғамдық тамақтандыру объектілерінің қызметіне рұқсат беруді;
  • ҚР БМСД-нің № 67 қаулысының талаптарын сақтай отырып, (объект персоналы қорғау құралдарымен қамтылуы тиіс, персонал қолғапсыз, бетпердесіз жұмысқа жіберілмейді, келушілерге қызмет көрсеткен кезде персоналдың (официант) қолғапсыз, қорғау экрансыз жұмыс жасауына рұқсат берілмейді), көпшілік жиналатын салтанатты, отбасылық, естелік, ұжымдық және басқа да іс-шараларды өткізбей, жұмыс тәртібі сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін, бір мезгілде келушілердің саны 50%-ға дейін, бірақ отыратын орын 30-дан артық емес, үстел арасындағы қашықтық 2 метрден кем емес және келушілер арасында 1 метрден кем емес қашықтықты сақтаған жағдайда балалар мен ересектерге арналған жыл бойы жұмыс істейтін сауықтыру шипажайлары, демалыс үйлерінің қызметіне, сол жерде тұратын және жұмыс істейтін адамдарды тамақтандыра отырып, өнеркәсіптік кәсіпорындардың асханалары жанындағы қоғамдық тамақтандыру объектілерінің қызметіне рұқсат беруді;
  • жол бойындағы сервис объектілерінің (қоғамдық тамақтандыру және сауда) қызметіне рұқсат беріледі, сағат 00.00-ден 06.00-ға дейін тамақты сыртқа шығару арқылы өнімнің сатылуы рұқсат етіледі;
  • ҚР БМСД-нің № 67 қаулысының талаптарын сақтай отырып, санитариялық нормаларға сай келетін Сәйкестік актісі болған жағдайда клиент залында (4 ш.м. 1 адам және оңтайлы жұмыс аймақтарының шекараларын белгілей отырып, кресло арасында кемінде 2 метр қашықтық) әлеуметтік қашықтық сақталған жағдайда сұлулық салондары, шаштараздар, маникюр және педикюр қызметтері, косметологиялық қызмет көрсететін объектілер қызметіне рұқсат беруді;
  • ҚР БМСД-нің № 67 қаулының талаптары сақталған жағдайда алдын ала жазылу бойынша топта 15 адамнан артық емес балалар кабинеттерінің/түзету орталықтары, балалар мен ересектердің білім беру орталықтары қызметіне  рұқсат беруді;
  • ҚР БМСД-нің №67 қаулының талаптары сақталған жағдайда жұмыс күндері алдын ала жазылу бойынша келушілердің санын 50%-дан асырмай және бір адамға 5 шаршы метрден кем емес орынды қамтамасыз етіп,  фитнес орталықтары, тренажер залдары мен спорттық-сауықтыру орталықтарының қызметіне рұқсат берілсін. Сенбі және жексенбі күндері тоқтата тұру;
  • ҚР БМСД-нің № 67 қаулының талаптары сақталған жағдайда келушілердің санын 50%-дан асырмай және бір адамға 4 шаршы метрден кем емес орын болған жағдайда монша қызметіне рұқсат беруді;
  • ҚР БМСД-нің № 67 қаулының талаптарын сақтап, жұмыс режимі сағат

08.00-ден сағат 24.00-ге дейін, келушілердің санын 50%-дан асырмай және бір адамға 4 шаршы метрден кем емес орын болған жағдайда сауна, СПА орталықтарының қызметіне рұқсат беру. Сенбі және жексенбі күндері қызметін тоқтата тұру;

            27) ҚР БМСД-нің № 67 қаулысының талаптары сақталған жағдайда қоғамдық көліктің жұмысына (қарбалас сәтте автобус санын ұлғайту, күллі есіктерді ашу, адамдарды отыратын орын саны бойынша отырғызу ) рұқсат беруді;

28) жеке және топтық жаттығулар үшін спорт кешендерінің қызметіне 5 адамнан артық емес рұқсат беруді;

29) ашық ауада жеке және топтық жаттығуларға (топта 5 адамнан асырмай)  рұқсат беруді;

30) Ұлттық құрама, клуб командалары үшін спорттық жаттығуларға  (30 адамнан артық емес, байланыссыз термометрия, спорт базаларында тұру) рұқсат беруді;

31) ҚР БМСД-нің № 67 қаулысының талаптары сақталған жағдайда мемлекеттік органдардың (ұйымдар, кәсіпорындар), квазимемлекеттік сектор органдарының, ұлттық кампаниялардың, өзге де ұйымдардың, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне рұқсат берілсін. Бұл ретте, COVID-19 таралуы мен  алдын алу жөніндегі іс-шараларға қатысатын ұйымдардан және тіршілікті қамтамасыз ететін кәсіпорындардан, құқық қорғау органдарының қызметкерлерінен және төтенше жағдайлар қызметінің қызметкерлерінен басқа; қызметкерлердің кемінде 80%-ы қашықтықтан жұмыс атқарады (штаттық кестеде 20-дан астам қызметкер болғанда);

32) ҚР БМСД-нің № 67 қаулысының талаптары және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режим сақталған жағдайда медициналық орталықтардың, стоматологиялық клиникалардың және кабинеттердің қызметіне (алдын ала жазылу бойынша) рұқсат беруді;

33) ҚР БМСД-нің № 67 қаулысының талаптары сақталған жағдайда 80%-дан асырмай туризм объектілері мен халық орналасып тұратын салада қызмет көрсететін ұйымдардың (қонақ үй, отель, демалыс үй, туристік база және т. б.) қызметіне рұқсат беруді;

34) ҚР БМСД-нің № 67 қаулысының талаптары сақталған жағдайда дәріханалардың қызметіне рұқсат беруді;

35) ҚР БМСД-нің № 67 қаулысының талаптары сақталған жағдайда үздіксіз өндірістік циклі бар өнеркәсіп кәсіпорындарық ызметіне, ашық ауадағы құрылыс жұмыстарына, ауыл және балық шаруашылығына, мал шаруашылығына рұқсат беру;

36) ҚР БМСД-нің № 67 қаулының талаптарын, күшейтілген санитариялық-

дезинфекциялық режимді сақтай отырып, (алдын ала жазылу бойынша көлік салонында 2 клиенттен артық, ТҚС-да 3 клиенттен артық болмауы керек, тұрақты жұмыс орындары арасында кемінде 2 метр қашықтық  болуы) келушілерге жанаспайтын қызмет түрлерін көрсету объектілеріне (көлік жуу, көлік жөндеу, тұрмыстық техника жөндеу және т.б.) рұқсат беру;

37) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі мен Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің актілері негізінде уақыты мен санын шектей  отырып, қаржы нарығы субъектілерінің қызметіне рұқсат беру;

38)  2020-2021 оқу жылының үшінші тоқсанынан бастап:

  • контингенті 300 оқушыға дейін сыныпта балалар саны 15-ке дейін қала және ауыл мектептерінде дәстүрлі форматта оқытуды;
  • ата-ана өтініші бойынша сыныптарда 15 оқушыдан артық болмайтын жалпы білім беретін мектептерде кезекші сыныптарда 1-ден 5-сыныпты, халықаралық мектептерде-7-сыныпты қоса алғанда оқытуды;
  • (9, 11 (12) сынып) бітіруші сыныптары үшін аптаның 6 күні ішінде аралас оқыту: пәндердің 70%-ын дәстүрлі форматта, 30%-ы қашықтықтан (сыныпта 15 адамнан артық емес, әлеуметтік қашықтықты сақтау, 1 кабинетте 1 сынып- қағидаты бойынша оқыту, бір мезгілде мектепте жобалық қуаттың 30%-дан артық болмауы керек, санитариялық-дезинфекциялық режимді, бетперде режимін күшейту);
  • білім беру мекемесі әкімшілігінің шешімі бойынша сабақтан тыс уақытта топта 5 адамнан артық емес оқушыларды жеке оқытуға рұқсат беруді;

39) екінші семестрден бастап колледж бен жоғары оқу орындарының I курс студенттерін аралас оқытуға рұқсат беруді ;

40) өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы» РМҚК қызметіне рұқсат беруді;

41) арнайы, мамандандырылған ұйымдардың, ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернат (оның ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларға арналған), жалпы үлгідегі мектеп-интернат, дарынды балаларға арналған мектеп-интернат қызметіне рұқсат беруді;

42) бір адамға жеке форматта су ауданы 5 ш.м. болған жағдайда жұмыс режимімен алдын ала жазылу бойынша бассейн қызметіне рұқсат берілсін. Сенбі, жексенбі күндері қызметін тоқтата тұру;

43) бетперде режимін және кемінде 2 метр қашықтықты сақтай отырып, 15 адамнан артық емес жеке және ұйымдасқан топтар үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға (мемлекеттік ұлттық табиғи парк, қорық, резерватжәне т.б.) баруға рұқсат беруді;

44) ҚР БМСД № 67 қаулысының талаптарын және  тиісті аумақтағы Бас санитариялық дәрігердің келісімі бойынша күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтаған жағдайда көрерменнің қатысуынсыз, бір мезгілде 100 адамнан асырмай жинақтай отырып, Қазақстан Республикасының чемпионаттарын және республикалық жарыстарды (бірыңғай республикалық күнтізбе бойынша) өткізуге рұқсат беруді;

45) күшейтілген санитариялық-дезинфекцилық режим сақталған жағдайда бір мезгілде 30 адамнан артық болмайтын  облыстық команда дайындау үшін оқу-жаттығуларардың жандандырылуына рұқсат беруді;

46) ҚР БМСД-нің № 67 қаулысының талаптары сақтай отырып, келушілердің санын 30%-дан асырмай және бір келушіге кемінде 4 ш.м. сақталған жағдайда (жеке тұрған) ауданы 2000 шаршы метрге дейін азық-түлік емес дүкендердің қызметін сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін шектелсін. Сенбі және жексенбі күндері қызметін тоқтата тұру;

47) (отбасы мүшелерін қоспағанда, 2 адамнан артық емес) такси қызмет көрсетуін шектеу;

48) ҚР БМСД-нің № 67 қаулысының талаптарын сақтаған жағдайда келушілердің санын 30%-дан асырмай және бір келушіге кемінде 4 ш.м. орын сақталған, азық-түлік емес және азық-түлік жабық базарларының (базар үлгісіндегі сауда үйлері, сауда орталықтары, павильон, дүкен және т. б.) қызметі шектелсін. Сенбі және жексенбі күндері қызметін тоқтата тұру;

49) ҚР БМСД-нің № 67 қаулысының талаптары сақтай отырып, келушілердің санын 30%-дан асырмай және бір келушіге кемінде 4 ш.м. сақталған жағдайда бекітілген кесте бойынша супермеркет пен гипермаркет жұмысын сағат 10.00-ден 24.00-ге дейін шектеуді;

50) күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып келушілердің санын 30%-дан асырмай және бір келушіге кемінде 4 ш.м. арналған) азық-түлік бөлімдері мен дәріханаларды қоспағанда) келушілердің санын 30%-дан асырмай және бір келушіге 4 ш.м.орын арналған жұмыс күндері сағат 10.00-ден 24.00-ге дейін жұмыс кестесін белгілеп, сенбі және жексенбі күндері жұмысты тоқтата отырып сауда ойын-сауық орталықтары, сауда үйлерінің, сауда орталықтарының қызметін ұйымдастыруға рұқсат берілсін. Балалар ойын алаңы мен аттракцион қызметіне тыйым салу;

51) ҚР БМСД № 67 қаулысының талаптары сақталған жағдайда бизнес-орталықтары (сақтандыру компаниялары, адвокат, нотариус, бухгалтер және консалтинг, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттік, жарнама агенттіктері, сот орындаушылары қызметтері және т.б.), айырбастау пункттерінің, ломбардтардың жұмысын ұйымдастыруды;

52) халыққа қызмет көрсету орталықтарының,  (бұдан әрі-ХҚКО), соның ішінде арнайы  ХҚКО-ның жұмысы жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, сенбі күндері сағат 9.00-ден 14.00-ге дейін белгілей отырып, ұйымдастырылсын. Карантин шараларын қамтамасыз ету үшін ХҚКО-ға және арнайы ХҚКО-ға бару Egov.kz, телеграмм-бот EgovKZBot 2.0 арқылы алдын ала жазылу бойынша жүзеге асыруды;

53) ҚР БМСД № 67 қаулысының талаптары сақталған жағдайдажұмыс күндерісағат 09.00-ден 18.00-ге дейін, сенбі күндері сағат 09.00-ден 14.00-ге дейін  шектей және онлайн форматта барынша қызмет көрсете отырып «Қазпочта» АҚ жұмысын ұйымдастыруды;

54) мемлекеттік көрсетілетін қызмет орталықтарында мемлекеттік кіріс ғимараттарының қызметі жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) (түскі үзіліспен) сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс уақытын шектей отырып, ұйымдастырылсын. Карантин шараларын сақтау үшін мемлекеттік кіріс органдарына (Көкшетау қ., Степногорск қ., Целиноград және Бурабай аудандары бойынша МКБ-ы www.kgd.gov.kz сайты, E-salyq мобильді қосымшасы арқылы кезекті алдын ала броньдау) немесе қалған аумақтық аймақтардағы телефон арқылы алдын ала жазылу бойынша халыққа қызмет көрсетулерін ұсынуды;

55) қоғамдық көлікті, такси көліктерін, өнеркәсіптік аумақтарды, әуежайларды, балаларға арналған аула алаңдарын, азық-түлік және азық-түлік емес базарларды және басқа да қоғамдық орындарды санитариялық және дезинфекциялық өңдеу жүргізуді;

56) Қазақстан Республикасының және Ақмола облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қолданыстағы қаулыларына сәйкес шектеу іс-шараларының сақталуына мониторинг жүргізу және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес санитариялық-карантиндік шараларды сақтамаған тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарта отырып, әкімдіктер жанындағы мобильді топтардың объектілерге іріктеп тексеру жүргізуді;

57) халыққа COVID-19 ауруының таралуының алдын алу бойынша ақпараттандыру-түсінідіру жұмыстарын жүргізуді;

58) медициналық ұйымдарда, қарт адамдар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік объектілерде, сәби үйлеріне, балалар үйлерінде, әлеуметтік оңалту орталықтарында, интернат үлгісіндегі мүгедек балаларға арналған оқу орындарында карантин режимі және санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтауды;

59) COVID-19 (U07.1) және вирустық пневмония (U07.2) ауруларымен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсетуге тартылған инфекциялық стационарлар қызметкерлерін тұратын орынмен қамтамасыз етуді;

60) әртүрлі медицина ұйымдарының медицина қызметкерлерін (әртүрлі үй-жайларда, олардың қарым-қатынас мүмкіндігін болдырмау мақсатында)бөлек орналастыруды және бөлек тамақтандырудықамтамасыз етуді;

61) бір медицина ұйымының әртүрлі бөлімшелерінің қызметкерлерін үй-жайларда бөлек орналастыруды және бөлек тамақтандыруды қамтамасыз етуді;

62) үйлерінде тұрамайтын инфекциялық стационарлар қызметкерлерінің COVID-19 (U07.1) және вирустық пневмония (U07.2) таралуының алдын алуға бағытталған орналастыру, тамақтану жағдайларын және басқа да іс-шараларды орындауын бақылауды қамтамасыз етуді; қашықтықтан ақыл-кеңес беру мүмкіндігі үшін медицина қызметкерлерінің тұратын жерлерінде интернетке қолжетімділікті қамтамасыз етуді;

63) «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ-ндағы РМК-ы Ақмола облысы бойынша филиалының вирусологиялық зертханасының қызметкерлерін тұратын орынмен және оларды тамақпен қамтамасыз етуді;

64) әрбір медициналық ұйым үшін бөлек медицина қызметкерлері үшін тұратын жерінен жұмысқа дейін және кері бағытта көлікті қамтамасыз ету, кейіннен көлікті дезинфекциялауды;

65) ҚР БМСД-нің № 67 қаулыға 32-қосымшаға сәйкес қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, COVID-19-дан (U07.1) және вирустық пневмониядан (U07.2)көз жұмған адамның мәйітін жерлеуді ұйымдастыру үшін әрбір ауданда (қалада) бригада құрылсын;

66) COVID-19-дан (U07.1) және вирустық пневмониядан (U07.2) көз жұмған адамдардың мәйіттерін тасымалдауға арналған автокөлікпен, көмуге қатысатын адамдарды жеке қорғаныш құралдарымен қамтуды қамтамасыз етсін.

  1. Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қазақстан Республикасының және Ақмола облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлерінің қолданыстағы қаулылары талаптарының орындалуын қамтамасыз етсін.
  2. Ақмола облысы Полиция департаментінің бастығы қызметі рұқсат етілген объектілерде карантиндік шараларының, санитариялық-дезинфекциялық режимнің сақталуын бақылауға жәрдемдесуді қамтамасыз етсін. Бұзушылықтар анықталған кезде Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс талаптарына сәйкес тиісті әкімшілік шараларды қолдану.
  3. Санитариялық – эпидемиологиялық бақылау басқармалары басшылары:
  • Қазақстан Республикасының және Ақмола облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қолданыстағы қаулыларының талаптарын орындауды;
  • халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жөнінде қажетті шаралар қабылдай отырып, сумен жабдықтау объектілерінің жұмысын бақылауды;
  • әкімшілік шаралар қолданусыз халық тұтынатынауыз су сапасына санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізуді;
  • каранин режимінің сақталуын бақылау аясында азық-түлік дүкендерін және тамақ жеткізуді жүзеге асыратын қоғамдық тамақтандыру ұйымдарын қадағалауды;
  • COVID-19 (U07.1) және вирустық пневмония (U07.2)ауыратын науқасты сұрастыруды;
  • тәуекел тобындағы (жүрек-қантамыр жүйесінің созылмалы аурулары, қант

диабеті, метаболикалық синдром, бүйректің созылмалы ауруларымен ауыратын 60 жастан асқан адамдар, жүкті әйелдер) адамдар жоқ симптомсыз вирус тасымалдаушылардың ошақтарын қоспағанда,эпидемиологиялық тексеру картасын ресімдей отырып, COVID-19 жағдайларын эпидемиологиялық тергеп-тексеруді қамтамасыз етсін. COVID-19 жағдайларын эпидемиологиялық тергеп-тексеруді мынадай басымдықта жүргізу керек: симптомдары бар COVID-19 жағдайларының ошақтары; симптомсыз ағымы бар COVID-19 жағдайларының ошақтары; басқа ошақтар. Пациент туралы деректер Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің COVID-19 Веб-қосымшасына енгізіледі»;

  • ҚР БМСД-нің №67 қаулыға 36-қосымшаға сәйкес үй карантиніндегі байланыста болған сондай-ақ олармен бірге тұратын адамдарға үйде оқшаулау (үй карантині) қағидаларын сақтау қажеттілігі туралы қол қойғызып хабарлауды;
  • зертханалық растауды алған сәттен бастап 12 сағатта COVID-19 әрбір жаңа жағдайы туралы ақпаратты «ҚР ДСМ Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ұсынуды;
  • инфекциялық стационарларда және өзге де денсаулық сақтау ұйымдарында эпидемияға қарсы режимнің сақталуын бақылауды;
  • халықты COVID-19 таралуы бойынша ағымдағы эпидемиологиялық жағдай және өңірлерде қолданылатын шаралар туралы хабардар етуді;
  • COVID-19(U07.1) алдын алу шаралары туралы халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтуді;
  • санитариялық-карантиндік талаптардың шарттарын сақтамағаны үшін әкімшілік ықпал ету шараларын қабылдауды;
  • медициналық ұйымдардың «Дамумед» АЖ-і арқылы байланыста болған адамдарға қашықтықтан мониторинг жүргізуін бақылауды қамтамасыз етсін.
  1. Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы, аудандар және Көкшетау, Степногорск қалаларының әкімдері:
  • бұқаралық ақпарат және әлеуметтік желілер арқылы 2 күн ішінде қосымша қабылданған шектеу шаралары туралы халыққа хабардар етуді;
  • халық үшін қосымша қабылданған шектеу шаралары туралы жаднамалар, оның ішінде шұғыл және апат қызметтерінің барлық қажетті байланыстарын көрсете отырып, шектеу іс-шаралары кезеінде көшелерде қауіпсіздік шараларын, жүріс-тұрыс ережелерін сақтау туралы азаматтарға арналған нұсқаулықтар әзірлеуді;
  • облыс тұрғындары арасында жұқтыру ошақтарын оқшаулау және оның таралу қаупін азайту бойынша қабылданатын шаралар туралы бұқаралық ақпарат құралдарында ақпарат жариялау жүргізуді қамтамасыз етсін.
  1. Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ-ндағы РМК-нің Ақмола облысы бойынша филиалы Қазақстан Республикасының мен Ақмола облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қолданыстағы қаулылары талаптарының орындалуын қамтамасыз етсін.
  2. «Ақмола облысының аумағында карантиндік шектеу шараларын одан әрі күшейту туралы» Ақмола облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 26 қарашадағы № 224 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
  3. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында қызметті жүзеге асыратын Ақмола облысының қалалары мен аудандарының тиісті аумағындағы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты карантин шараларын күшейту туралы шешім қабылдауға құқылы.
  4. Меншік нысанына қарамастан, барлық жеке және заңды тұлғалар Қаулыны орындауға міндетті.
  5. Осы қаулы барлық мүдделі ведомстволардың назарына жеткізілсін, халыққа бұқаралық ақпарат және әлеуметтік желілер арқылы хабардар етілсін.
  6. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  7. Осы қаулы 2020 жылғы 30 желтоқсан күні сағат 07.00-ден бастап күшіне енеді.

 Ақмола облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері   А.Мусина

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар