Тоғыз айдың жұмыс қорытындысы қаралды

Облыс әкімі Сергей Кулагиннің төрағалығымен өткізілген кезекті әкімдік мәжілісінде өңірдің өткен тоғыз айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы мәселелер қаралып, талқыланды.

Әкімдік мәжілісіне облыстық мәслихаттың хатшысы Дулат Нұрмолдин, облыс әкімінің орынбасарлары мен аппарат қызметкерлері, облыстық департаменттер мен басқармалардың, ұлттық компаниялардың басшылары, аудан, қала әкімдері, БАҚ өкілдері қатысты. Алдымен, облыс әкімі жиналғандарға жуырда облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалған Владимир Балахонцевті таныстырып, ол мемлекеттік қызметшінің антын қабылдады.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша баяндама жасаған экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Бауыржан Мәлгаждаров өткен тоғыз айда өнеркәсіп саласында өндіріс көлемі 220,3 миллиард теңгені құрағанына тоқталды. Тау-кен өндіру өнеркәсібінде нақтылы көлем индексі 95,1, өңдеу өнеркәсібінде 107,1 пайыз болды. Алдыңғысындағы төмен көрсеткіш құрамында алтын бар концентраттар өндірісінің  азаюынан орын алды. Жалпы, металл емес минералды өнімдер өндірісі саласында керамикалық кірпіш шығарудың да 20,8 пайызға кемігені ойландырмай қоймайды. «ҚазШпал» АҚ сияқты өндіріс орындары да өнім көлемінің төмендеуіне жол беріп алған. Керісінше, сусындар өндірісі саласында өсім бар.
Осылай ала-құла болып отырған экономикалық көрсеткіштерді тұтастай алғанда, ауыл шаруашылығы саласының ептеп интенсивті дамуы  жақсарта түсетін сияқты. Мұнда мал мен құс санының өсуі байқалады.  Сондай-ақ, 4,1 миллиард теңгенің 6 жобасы іске асырылған. Астананың айналасында азық-түлік белдеуін жасау тұрғысында да
14 жоба көзделген. Олардың құны 38,9 миллиард теңге.
Жыл басынан бері 10 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылса, соның 4963-і тұрақты жұмыс орны болып табылады. Республикалық бюджеттен «Жұмыспен қамтудың жол карта-
сы – 2020» бағдарламасын жүзеге асыруға 4,5 миллиард теңге бөлінуі де құптарлық. Бұл жағынан тиісті көмек-қолдау көрсетіліп жатыр. Мәселе тек осы мүмкіндікті тиімді пайдалана білуде. Ресми жұмыссыздық деңгейі 0,4 пайызды құраса, жалпы жұмыссыздық деңгейі 4,4 пайыз. Есепті баяндамада әлеуметтік-экономикалық жағдайдың барлығы сараптала түскендіктен, сәбилердің шетінеу көрсеткіші 15,9 пайызға ұлғайғаны ойландырмай қоймайды. Қазір облыста бір мезгілде бірнеше емхана мен аурухананың, 6 дәрігерлік амбулаторияның құрылысы жүргізілуде. Демек, баяндамада айтылған жайларды жыл басынан бері облыс еншісінде біраз  оң істердің бары, көп ретте  қол жеткен көрсеткіштердің жаман еместігімен түйіндеуге болады.
Енді мәжілістің күн тәртібіндегі екінші мәсе-
ле – 9 айдың ішінде облыстық бюджеттің орындалу қорытындыларына келсек, кіріс бойынша ол
119 986,9 миллион теңгені немесе 100 пайызды құраған. Көкшетау қаласы, аудандар бойынша акциздер толығымен түспеген мысалдар да бар.  Сол сияқты, бюджеттің шығыс бөлігі 119 911,7 миллион теңге немесе 98,7 пайыз көлемінде болып отыр.
Облыстық қаржы басқармасының басшысы Серік Бөлтенов өз сөзінде атап өткеніндей, бюджетті толық игермеудің ортақ көрсеткішке әсері қазірден-ақ байқалуда. Атап айтқанда, құрылыс басқармасында 241,1 миллион теңге, Бурабай ауданында 207,5 миллион теңге игерілмеген. Бұлар бөлінген қаржының ең көп игерілмеген мысалдары. Осындай жағдайлар басқа да басқармалар мен аудандарда бар деуге болады.
Сондықтан, облыс әкімі Сергей Кулагин тиісті ведомстволардың басшылары мен аудан, қала әкімдеріне  жағдайды тез арада жақсартуды тапсырды. Тек істің жайын шұғыл түзеу ғана жыл аяғына жақсы көрсеткіштермен келуімізді қамтамасыз етпек.
Жарыссөзде сөйлеген бірқатар әкімдер мен басқарма басшылары қалған екі жарым айда қиюы келмей жатқан кей жұмыс салаларын  қалай оңға бастыратындары жөнінде өз іс-жоспарларын
баяндады.   
Биылғы жылдың бір табысы облыстың күзгі дала жұмыстарын ойдағыдай аяқтап шығуы. Ең бастысы, егін орағы толық аяқталып, астық былтырғыдай қар астында қалмайтын болды. Бұл туралы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Мұрат Балпанның баяндамасында толық мәлім етілді. Картоп, көкөніс өнімі де былтырғыдан артық болмаса, кем емес. Субсидиялар мен жанар-жағар- майдың  уақытында бөлініп, жауапты науқанға күні бұрын тыңғылықты дайындалудың арқасында әрбір мәселе рет-ретімен шешімін тапқан. Айталық, биыл облыс шаруашылықтары 5 миллиард 112 миллион теңге несие алса, қазірдің өзінде оның 3,5 миллиард теңгесі  қайтарылып отыр.
Әрине, осылай екен деп қол жеткенмен тоқмейілсуге болмайды. Сондықтан да, облыс әкімі сөйлеген сөзінде сала қызметкерлерінің алдына уақыт талабына сай жаңа міндеттер қойды. Мәселен, мал шаруашылығын дамыту үшін «Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан» және «Ырыс» бағдарламаларына мұқият назар аудару тапсырылды. Жиын соңында көктемгі су тасқыны кезінде белсенді жұмыстарымен көзге түскен бірқатар аудан әкімдеріне «Төтенше жағдайды жоюда үздік шыққаны үшін» медальдары мен «Төтенше жағдайды жоюға үлес қосқаны үшін» төсбелгісі тапсырылды.
Әкімдік мәжілісінде қаралған мәселелер  бойынша тиісті шешімдер қабылданды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар