Болашақ офицер – бүгінгі маман ғана емес, қажет кездегі ел қорғаны

А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің әскери кафедрасының бастығы, полковник Ақанбек Арыстанұлы Алпысбаевтың айтуынша, запастағы офицерді жоғары мәдениетті, адамгершілігі биік тұлға ретінде тәрбиелеу әскери кафедра оқытушыларының жұмысындағы басты міндеттердің бірі болып табылады.

Әскери кафедраның оқытушылар құрамы студенттермен «Офицерлік жиналыс туралы ереже» және «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері офицерінің Ар-намыс кодексі» негізінде болашақ офицерлердің запастағы офицерлік Ар-намыс пен қадір-қасиет сезімін, жалпы әскери мәдениетті, адамгершілік пен этиканы қалыптастыруға, ерік, жауапкершілік, тәртіптілік, Отанды қорғау бойынша өзінің әскери борышын орындауға дайындық сияқты жеке қасиеттерін дамытуға бағытталған оқу-тәрбие жұмысын жүргізеді. Осы мақсатта кафедрада көптеген танымды және тағылымды іс-шаралар ұйымдастырылады. Осы орайда, кафедра қызметкерлері әскери қызметтің имиджі мен беделін арттыру жөніндегі іс-шараларға ерекше назар аударылады.
Қазақ халқында өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге болар батырлар көп. Ұлы Отан соғысында қайсарлық танытқан ержүрек аталарымыздың даңқты ғұмыр жолдары ерлік пен ержүректіліктің, елжандылықтың жарқын үлгісі екендігі даусыз. Мәселен, Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтың бір өзі батырлық өмірі мен қызметінің жарқын мысалы болып табылады. Осы орайда, әскери кафедра оқытушылары халықтың батырлық жолы туралы және Қарулы Күштердің жауынгерлік дәстүрлерін насихаттауға, сондай-ақ, Отанға адал қызмет етудің, ерлік пен қайсарлықтың үлгісі болып табылатын әскери жетекшілердің ғұмыр жолы хақында көптеген іс-шаралар өткізіліп тұрады.
М. АСҚАРОВ,
А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің әскери кафедрасының аға оқытушысы, запастағы подполковник.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар