«Nur Otan» партиясының үміткерлері сайлаушылармен кездесті

«Nur Otan» партиясының облыстық және Көкшетау қалалық филиалдары атынан мәслихат депутаттығына кандидаттар Көкшетау қаласындағы «Достар» мәдениет сарайында тұрғындармен кездесу өткізді.

«Nur Otan» партиясының Ақмола және Көкшетау қалалық филиалдарының депутаттығына кандидаттар Сергей Кистин, Роза Арыстанқызы, Әсия Шәрімова және алғаш рет депуттатыққа түсіп отырған Айдын Райысов пен Гүлмира Құсайынова партияның сайлауалды бағдарламасында белгіленген жеті басым бағыттағы міндеттерге жан-жақты тоқталды. Сонымен бірге, кездесуде кандидаттар тұрғындарды толғандырған сауалдарды тыңдап, оларға жауап берді.

Ырысалды АХМЕТҚАЛИЕВА.

«Nur Otan» партиясының сайлауалды штабы Шығыс Қазақстан облысында болып, онда партия өкілдері өнеркәсіп кәсіпорындарының қызметкерлерімен, дәрігерлермен, мұғалімдермен, өңірдің қалалары мен ауылдарының тұрғындарымен 20-ға жуық кездесу өткізді.

Сайлауалды штаб мүшелері Өскемен титан-магний комбинатының ұжымымен кездесіп, облыстық Ана мен бала орталығында болды.
Кездесу барысында партия өкілдері сайлаушыларды «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарымен таныстырып, оларды қызықтырған сұрақтарға жауап берді.
Өз материалдарынан.

«Nur Otan» республикалық сайлауалды штабы Алматы облысына барды. Партия мүшелері БАҚ өкілдерімен, қандастар-отандастармен, жастармен және тағы басқалармен кездесті. «Инфраэнерго» электротехникалық өнім өндіретін кәсіпорын ұжымымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында партия өкілдері сайлаушыларды «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарымен таныстырды.
Сапар аясында партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек азаматтарды жеке қабылдады.
Өз материалдарынан.

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар