«Құлагер» байқауының жеңімпаздары анықталды

Облыс әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова «Болашақ сарайында» өткен «Құлагер» облыстық шығармашылық байқауының жеңімпаздары мен лауреаттарын марапаттау рәсіміне қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында облыс әкімінің қолдауымен өңірімізде алғаш рет ұйымдастырылған «Құлагер» байқауының жүлдегерлері он номинация бойынша анықталды.

Биыл халқымыздың ұлы тұлғалары Әл-Фараби және Абайдың 1150 және 175 жылдық мерейтойы болғандықтан, осы екі ойшылдың шығармашылығына арналған үздік жұмыстарға да «Ұлы даланың шығармашылық ұрпағы» секілді бөлек номинация тағайындалыпты. Жалпы, биыл облысымызда мәдениет пен әдебиеттің дамуына зор мән берілді. Бұл ретте, ақын-жазушыларға облыстық әкімдік тарапынан үлкен қолдау көрсетіліп отырғанын да айтпай кетуге болмайды.

Үстіміздегі жылы көкшелік ақындардың жыр жинақтары шығарылса, күні кеше Мәлік Ғабдуллиннің «Қазақ баласы» атты туындысы жеке кітап болып жарық көрді. Сонымен қатар, «Абылай ханның қара жолы» экспедициясының жұмыстары жеке еңбек болып басылды.

Байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде осындай игі дүниелерді тілге тиек еткен облыс әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова жиналған қауымды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, отбастарына амандық-саулық, бақыт пен шығармашылық  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында облыс әкімінің қолдауымен өңірімізде алғаш рет ұйымдастырылған «Құлагер» байқауының жүлдегерлері он номинация бойынша анықталды.

Биыл халқымыздың ұлы тұлғалары Әл-Фараби және Абайдың 1150 және 175 жылдық мерейтойы болғандықтан, осы екі ойшылдың шығармашылығына арналған үздік жұмыстарға да «Ұлы даланың шығармашылық ұрпағы» секілді бөлек номинация тағайындалыпты. Жалпы, биыл облысымызда мәдениет пен әдебиеттің дамуына зор мән берілді. Бұл ретте, ақын-жазушыларға облыстық әкімдік тарапынан үлкен қолдау көрсетіліп отырғанын да айтпай кетуге болмайды. Үстіміздегі жылы көкшелік ақындардың жыр жинақтары шығарылса, күні кеше Мәлік Ғабдуллиннің «Қазақ баласы» атты туындысы жеке кітап болып жарық көрді.

Сонымен қатар, «Абылай ханның қара жолы» экспедициясының жұмыстары жеке еңбек болып басылды. Байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде осындай игі дүниелерді тілге тиек еткен облыс әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова жиналған қауымды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, отбастарына амандық-саулық, бақыт пен шығармашылық табыс тіледі.

Бұл күні аудармашы Ғосман Төлеғұл «Әдебиеттің дамуына қосқан үлесі үшін» номинациясында марапатталса, жазушы-драматург, мемлекет және қоғам қайраткері Жабал Ерғалиев «Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктеріне арналған үздік жұмыс» номинациясында жеңімпаз деп танылды. «Ұлы даланың шығармашылық ұрпағы» – Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы мен Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған үздік жұмыс» номинациясы ақын Құдайберлі Мырзабекке, «Жас ұрпақты тәрбиелеуге қосқан үлесі үшін» номинациясы Көкшетаудағы Ж.Мусин атындағы жоғары қазақ педагогикалық колледжінің директоры Нұртас Ахатқа,  «Жыл прозасы» номинациясы ақын-жазушы Ерболат Баятұлына, «Ұлттық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды қалпына келтіруге, сақтауға және дамытуға, сондай-ақ, қазақстандықтардың ұлттық ерекшелігін сақтауға қосқан үлесі үшін» номинациясы «Ел бірлігі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бақыт Смағұлға,  «Жыл драматургиясы» номинациясы Ш.Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ-музыкалық драма театрының актері Манарбек Қыдырбайға, ал, «Үздік жас ақын», «Үздік айтыскер», «Жыл поэзиясы»номинациялары өңіріміздің жас ақындары Мерген Тоқсанбай, Мұхаммед Қонқаев пен Қуаныш Оспановқа берілді.

Барлық жеңімпаздар дипломмен және 350 000 теңгенің ақшалай сертификатымен марапатталды.  Сондай-ақ, «Құлагер» облыстық байқауының лауреаттарына 250 000 теңгенің ақшалай сыйақысы және дипломдар табыс етілді. Мұндай марапатқа ие болғандардың қатарында ақын, облыстық «Арқа ажары» газетінің бас редакторы Қайырбай Төреғожа, облыстық оқу-әдістемелік орталығының директоры Қаратай Төлекеев, «Көкшетау» газетінің бас редакторы Серік Жетпісқалиев, жас ақындар Құрметхан Құралхан мен Серғазы Қайырболды да бар.
Венера ТАЛҒАТҚЫЗЫ,«Арқа ажарының» өз тілшісі. Суреттерді түсірген Айбек ДАНИЯРОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар