Мәселелерімен бетпе-бет

Облыстық кәсіпкерлер палатасы әр апта сайын бизнестің проблемалары жөнінде кездесулер ұйымдастыруда.

Сондай-ақ, әр айдың соңғы сәрсенбісінде өткізілетін шарада кәсіпкерлер мемлекеттік органдар өкілдеріне тікелей сауал қоюға мүмкіндік алды. Облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Валентина Геращенконың төрайымдылығымен өткізілген кездесуде бірқатар кәсіпкерлердің жер мәселесі, жаңа кассалық бақылау аппараттарын енгізу жөнінде туындаған проблемалары талқыланды. Мәселен, «Оспанова» жеке кәсіпорны жерлеу рәсімі қызметімен айналысады. Бүгінгі таңда бизнес өкілі өз учаскесінің мақсатты бағытын өзгертуді көздеп отыр. Көкшетау қалалық жер қатынастары бөліміне өзге де бизнес өкілдерінің сауалы көп болды. Кәсіпкерлердің айтуынша, мемлекеттік органдар олардың сөздеріне құлақ аса бермейді. Қорытындысында мәселе көтергендердің бәрін жер қатынастары бөлімінің басшысы Рауан Исин қабылдайтын, әрі оған  облыстық кәсіпкерлер палатасының өкілі де қатысатын болды.
Алкоголь өнімдерін, бензин мен дизель отынын сататындар биылғы жылдың бірінші шілдесінен бастап жаңа кассалық бақылау машинасын орнатулары тиіс еді. Бірқатар объективтік себептерге байланысты мерзім
1 қазанға дейін ұзартылды. Өйткені, аппараттар қымбат, көптеген елді мекендерде интернет жүйесі мен аспаптар жоқ. Бірқатар сервистік қызмет көрсету орталығы басшыларының мәселелері айтылды. Оларды бұрынғы кассалық бақылау машиналарын жаңғырту мүмкіндігі қызықтырды. Кәсіпкерлер палатасы барлық мәселелер талқыланатын дөңгелек үстел ұйымдастыру жөнінде ұсыныс жасады. Келесі күні өңірлік палата қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы Рауан Исинмен кәсіпкерлердің кездесуін ұйымдастырды. Нәтижесінде жер учаскесінің мақсатты бағытын өзгертуді өтінген жеке кәсіпкер Оспанова тұрғындарға қызмет көрсету орталығына өтініш беруге мүмкіндік алды. Кездесуде көтерілген әр мәселе палата сарапшыларының бақылауында болады.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар