Күлегеш құрылысшының кітабы

Жаңа жылға үш күн қалғанда Бурабай Марамов ағамыз қолыма Елордадағы «Big Dream» баспасынан жаңа шыққан кітабын ұсынды. Бұл оқиға мені қатты таң қалдырды. Бірнеше рет таң қалдым. Ең бастысы, жетпіске келген Бурекең кітап жазады деп еш ойламаппын.

Мен білген қырық жылда оның мойнынан галстугі, қолынан сызғышы, қолтығынан бұрқыраған қағазға толы папкасы түскен емес. Өмір бойы Көкшетаудағы құрылыс-жобалау институтын басқарды, қазір де «Дизайн-орталық» ЖШС жұмысын үйлестіруден қолы босамайды. Бұрынғы кеңестің, бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның Құрметті архитекторы…
«Шуриктің емес, Буриктің хикаяларын» алғашында көңіл үшін енжар парақтауым, ас үйдегі «шай-пайға» қарамай аяқтап шығумен аяқталды. Шалықтаған адам сияқты еріксіз күлумен болдым. Бұл өзі зейнетке шыққандар дағдысымен етек-жеңі жиналмас көл-көсір дүниеден аулақ болып шықты. Қазақшасы 94, орысшасы 82 беттен тұратын екі жарты, бір бүтін қалта кітап. Бұндайды біздің өлкеде бірінші рет көруім.
«Шуригі» – түсінікті, «Буригі» – өзі екен. Тұнып тұрған юмор. Бәрін өз басынан кешірген, бүгінгінің Әпендісі дерсіз. Бұл кісінің ауыр жанрға бейімдігіне мән бермегендейміз. Енді оның сатириктерге келіңкірейтін қиқы-жиқы қылықтары, ортадан нығыздау бой бітімі, табанынан от шығар жүріс-тұрысы, күнге қарағандай сығырая қарауы көз алдымда тұра қалды. Бірнәрсе бар-ау…
Бақберген Амалбек,
ҚР мәдениет қайраткері.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар