Әлемдік рейтингіде жоғары орыннан көрінді

«Henley & Partners» консалтингілік компаниясы жылдағы дәстүр бойынша саяхат үшін ыңғайлы әрі ең тартымды төлқұжаттар рейтингін жариялады.

«Henley Passport Index» рейтингі Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (IATA) эксклюзивті мәліметтеріне негізделген. Рейтинг әлемнің 199 елінің төлқұжаты мен 227 туристік бағытты қамтиды. Әрі кез-келген елде визалық саясаттың өзгертілуіне байланысты жыл бойы жаңартылып отырады. Төлқұжаттар рейтингінің алғашқы бестігінде Жапония, Сингапур, Германия, Оңтүстік Корея мен Финляндия тұр. Мәселен, Жапонияның төлқұжатымен әлемнің 191 еліне саяхаттауға болады.
Сонымен қатар, үздік төлқұжаттар қатарында Италия, Люксембург, Испания, Австрия, Франция, Ирландия елдері бар. Тізімнің ең соңында Ирак пен Ауғанстан елдері орналасқан. Ал, Қазақстанның төлқұжаты биылғы рейтингіде 70-ші орыннан көрінді. Бұдан бөлек, 70-ші орында Беларусь пен Қытай елдері тұр. Қазақстан мен аталған осы екі елдің азаматтары әлемнің 75 еліне ұшып бара алады екен.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар