Татулық тірегі

Облыстық тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен «Достық» үйінде өзге ұлт өкілдері арасында  «Тіл –татулық тірегі» атты байқау болып өтті.

Этно-мәдени бірлестік өкілдерінің мемлекеттік тілді білу деңгейін анықтап, сондай-ақ, қазақ тілін насихаттау мақсатында өткізілген байқау барысында Көкшетау қаласы мен Зеренді, Бурабай, Жарқайың, Есіл, Ерейментау аудандарынан келген қатысушылар төрт кезеңде бақ сынасты.   Алдымен, үміткерлер көпшілік қауымға өздерін таныстырып өтті.
«Ә» деп ауыз ашқаннан-ақ мемлекеттік тілді кімнің қандай деңгейде білетіні анық байқалып тұрды. «Қазақ тілі мен әдебиеті» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Мейрамбек Қиықов төрағалық еткен әділқазылар алқасы ақылдаса келе, облыстық «Вайнах» шешен-ингуш қоғамының мүшесі Милана Оздоеваны жеңімпаз деп тапты. Оның әр кезеңнен мүдірмей өтіп, қойылған сұрақтарға қазақ тілінде еркін жауап беруі, сөйлеу мәнері қазылар алқасын тәнті етті.
Ал, екінші және үшінші орындар облыстық өзбек этно-мәдени бірлестігінің өкілі Ариф Шарафидинов пен Бурабай ауданынан келген «Лад» славян қозғалысының белсендісі Наталья Балашоваға бұйырды.   

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар