Ақмолада сайлау талапқа сай өтуде

Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының сайлауында Ақмола облысы бойынша жұмыс істеген халықаралық байқаушылары өңірлік коммуникациялар қызметінде журналистермен кездесіп, учаскелердегі жағдайға байланысты өз пікірлерімен бөлісті.

Брифингке Қазақстандағы Татарстан Республикасының құзыретті өкілі Денис Валеев, Татарстан Республикасы Президентінің Сыртқы байланыс департаменті директорының орынбасары Марат Биктимиров, қоғамдық-саяси және коммерциялық ұйымдармен байланыс бойынша бөлімнің бас кеңесшісі Александр Маратканов қатысып, байқаушылар ретінде сайлаудың өтуі туралы өздерінің ой-пікірілерін айтып берді. Татарстандық байқаушылар Ақмола облысының бірқатар өңірлерінде болып, сайлауда халықтың белсенділігін байқаған. –Бізге Көкшетау қаласы, жалпы, Ақмола облысында өткен сайлаудың жоғары деңгейде ұйымдастырылғандығы ұнады. Біз өңірдегі 10 сайлау учаскесіне барып, көрдік. Сонда байқанымыздай, санитарлық шектеулерге қарамастан дауыс берушілер өте белсенділік танытты. Тіпті, біз болған сайлау учаскелерінде дауыс берушілердің легі бір толастамады. Байқағанымыздай сіздерде тұрғындар сайлауға аса жауапкершілікпен қарайды екен. Адамдардың көңіл-күйлері көтеріңкі болды. Тіпті, жексенбі күні екендігіне қарамастан, таңертен 7.00-ден бастап дауыс беруге келгендер көп болды. Бұл қазақстандықтардың ел ертеңіне бей-жай қарамайтындығын аңғартады, – деді Денис Валеев. Сонымен қатар, делегация өңірде өтіп жатқан Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының сайлауы Қазақстан Республикасының заңнамасына, мемлекет қабылдаған халықаралық міндеттемелерге сәйкес болғанын атап өтті. –Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының сайлауына күмән келтірерліктей ұлттық заңнаманың бұзылуы тіркелген жоқ, – деді Александр Маратканов. Татарстан Республикасы Президентінің Сыртқы байланыс департаменті директорының орынбасары Марат Биктимировтің де айтуынша сайлау заңға да, санитарлық талаптарға да сай өткізілуде.

ЫрысалдыТөлегенқызы.

«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар