Жер экономикалық айналымға енгізілуі тиіс

Қазақстан Республикасының Президенті өз Жолдауында бәсекеге қабілетті экономиканы дамыған ауыл шаруашылығынсыз құру мүмкін еместігін, осыған байланысты ауыл шаруашылығы жерлерін толыққанды экономикалық айналымға енгізудің өзге формаларын жасау қажеттігін айтты.

Бұған бұл салада кәсіби мамандардың тапшылығы, сондай-ақ, аграрлық ғылымның ойдағыдай дамымауы қолбайлау болып отырғаны белгілі. Осы бағытта Мемлекет басшысы атқарушы билік тарапынан нақты шаралар қабылдау керектігін айтты. Облыста құрылған жер балансына сәйкес, Ақмола облысының жер қоры 14 миллион 600 мың гектарды құрайды. Жердің 74 пайызы немесе 10 миллион 822,1 мың гектары ауыл шаруашылығына бағытталған. 4 миллион 424,5 мың гектары жайылым жер.
Осы жердің 1 миллион 500 мың гектары пайданылмай келді. Қолданылған шаралардың нәтижесінде 998 мың гектар алқап, оның ішінде 214,9 мың гектар егістік, 763,9 мың гектар жайылым жер ауыл шаруашылығы айналымына енгізілді. Бүгінгі күні 598 мың гектар алқап қайта пайдаланылуда. 202,418 мың гектар жерді өзге субъектілерге пайдалану құқы берілді. 197,5 мың гектар алқап мемлекет меншігіне қайтарылды. Қазір облыс бойынша 502,3 мың гектар ауыл шаруашылығы жері пайдаланылмайды. Бұл бағытта 2019 жылы жер инспекторлары 426,3 мың гектар жердің иелеріне ескерту жасады. 76 мың гектар алқаптың материалы иесіз мүлік ретінде есепке қою үшін жер қатынастары жөніндегі өкілетті органға жіберілді. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы бойынша 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап тексеру мен профилактикалық бақылау жүргізуге мораторий енгізілді. Жоғарыда айтылған пайдаланылмайтын жер учаскесінің көп бөлігі шағын кәсіпкерлік субъектілеріне тиесілі. Мораторий жағдайында тексеру жүргізу мүмкін емес. Осыған байланысты аудандық әкімдіктер жер пайдаланушылармен түсінік жұмысын жүргізуде. Бүгінгі күні ауыл шаруашылығы жерлерін пайдалануда тексеру мораторийін бұзбай, космомониторинг жүргізілуде. Сөйтіп, «QOLDAU» бизнесінің цифрлық платформа базасында ауыл шаруашылығына бағытталған жерлерді пайдалану мониторингісінің веб-порталы арқылы жергілікті атқарушы органдармен пайдаланылмайтын жерлерге мониторинг қолға алынған.
Мониторинг нәтижесі бойынша 3 миллион 776 мың гектар жердің иелері мен жер пайдаланушыларға 2791 ескерту жіберілді. Оның ішінде 1 миллион 607 мың гектар алқапқа 1732 ескерту алқап тарихы кітабын құруды бұзғаны үшін жіберілді. Олар себу айналымын көрсетпеген. Бұл Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 92-бабының нормасын және ауыл шаруашылығына бағытталған жерлерді тиімді пайдалану ережесін бұзу болып табылады.
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында бүгінгі күні Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмай отырған жерлерді алып қою мерзімін қысқарту жөнінде заң жобасы жасалуда. Мұның өзі келешекте жерді экономикалық айналымға енгізуге ықпал етеді.

Ерғали ШОРИН,
Ақмола облыстық жердің
пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар