Ортақ тілектер тоғысты

Өткен жексенбі күні Көкшетау қаласындағы Көктем мен Васильковка шағын аудандарының тұрғындары №17 орта мектеп-гимназиясында орналасқан №45, 46, 47 сайлау учаскелеріне көптеп келді.

Бұл учаскелерде пандемия жағдайына байланысты дене қызуын тексеру, әртүрлі антисептиктер тәрізді барлық қауіпсіздік шаралары қарастырылыпты. Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалғаннан кейін № 47 сайлау учаскесінің төрайымы Гүлнәзира Әбутәліпова сөз сөйлеп, еліміз үшін маңызды шара – сайлаудың басталғанын айтты.
Сайлау учаскесінің мүшелері әртүрлі партия мен қоғам бірлестіктері өкілдерінен болғанын атап өткен жөн. Алғашқылардың бірі болып дауыс берген сайлаушы естелік сағаттың иесі атанды. Сондай-ақ, жеті адамға әртүрлі сыйлықтар табыс етілді. Мұндағы сайлау участоктарының жұмысын әртүрлі партия мен қоғам бірлестіктерінің өкілдері бақылады. Тұңғыш рет дауыс берген осы мектеп-гимназияның 11 сынып оқушылары Дінмұхамед Мұқат пен Татьяна Краснобриджаяға да сый-сияпат жасалды. Бұл күні Айгүл Кенжетаева мен Балжан Рамазанова төрайымдық еткен №№ 45,46 сайлау учаскелері де сайлау жұмысын ұйымшылдықпен өткізді.
Рамазан ТІЛЕУОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар