Жергілікті тұрғындар құрылыс жұмысына тартылуда

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында Зеренді ауданында халықтың әлеуметтік жағынан аз қамтылған топтарына арналған тұрғын үй құрылысы аяқталуға жақын.

Осындай жобалар есебінен екі жүзден астам жаңа жұмыс орны ашылған. Бірінші кезекте жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік беретін инфрақұрылымдық мәселелер шешілуде. Аудандық құрылыс бөлімінің бас маманы Любовь Астафьеваның айтуынша, бұл бағдарлама аясында 36 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.
Бірінші кезекте пәтер жетімдерге, әлеуметтік жағынан аз қамтылған жандарға беріледі. Жобаға жұмыспен қамту орталығы арқылы 24 адам жұмылдырылған. Осылайша тұрғын үй қорын кеңейту және жұмыссыздарды жұмыспен қамту мәселесі шешілмекші. Жалпы, биыл жұмыспен қамту орталығы арқылы 153 адам қоғамдық жұмысқа тартылған. Оның сыртында «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында уақытша жұмысқа орналасқандар тағы бар.
Аталмыш бағдарлама аясында құрылыс нысандарына 238 адам жұмысқа орналастырылды. Мәселен, 36 пәтерлі тұрғын үй құрылысына біраз адам жұмылдырылды. Сондай-ақ, бірқатар ауылдық округтерде жолдарға күрделі жөндеу жұмысы жүргізілді.
Ауданда жастар тәжірибесі де табысты жүзеге асырылуда. Бағдарламаның осы бағыты аясында 45-тен астам жас маман жұмысқа орналастырылды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Зеренді ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар