Карантин талаптарын қатаң сақтаңыздар!

«Ақмола облысының аумағында карантиндік шектеу шаралары туралы» Ақмола облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 302 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Бұл шектеулер 2021 жылғы 14 қаңтар күні сағат 00.00-ден бастап күшіне енді.

Көпшілік жиналатын салтанатты, отбасылық, естелік, ұжымдық және басқа да іс-шараларды өткізбей, жұмыс тәртібі сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін, келушілердің саны 50 пайызға дейін, бірақ отыратын орын 30-дан артық емес, үстел арасындағы қашықтық 2 метрден кем емес және келушілер арасында 1 метрден кем емес қашықтықты сақтаған жағдайда қоғамдық тамақтану объектілерінің қызметіне, балалар мен ересектерге арналған жыл бойы жұмыс істейтін сауықтыру шипажайлары, демалыс үйлерінің қызметіне, сол жерде тұратын және жұмыс істейтін адамдарды тамақтандыра отырып, өнеркәсіптік кәсіпорындардың асханалары жанындағы қоғамдық тамақтандыру объектілерінің қызметіне рұқсат беру;
Сондай-ақ, сенбі және жексенбі күндері қызметін тоқтата отырып, жұмыс күндері алдын ала жазылу бойынша келушілердің санын 50 пайыздан асырмай және бір адамға 5 шаршы метрден кем емес орынды қамтамасыз етіп, фитнес-орталықтары, тренажер залдары мен спорт сауықтыру орталықтарының қызметіне, сенбі және жексенбі күндері қызметін тоқтата отырып, жұмыс режимі сағат 8.00-ден сағат 24.00-ге дейін, келушілердің санын 50 пайыздан асырмай және бір адамға 4 шаршы метрден кем емес орын болған жағдайда сауна, СПА орталықтарының қызметіне рұқсат беру;
COVID-19 таралуы мен алдын алу жөніндегі іс-шараларға қатысатын ұйымдардан және тіршілікті қамтамасыз ететін кәсіпорындардан, құқық қорғау органдарының қызметкерлерінен және төтенше жағдайлар қызметінің қызметкерлерінен басқа; штаттық кестеде 15 және одан артық қызметкер болғанда, қызметкерлердің кемінде 80 пайызы қашықтықтан жұмыс атқарады;
Сенбі және жексенбі күндері қызметін тоқтата отырып, келушілердің санын 30 пайыздан асырмай және бір келушіге кемінде 4 шаршы метр орын сақталған, азық-түлік емес және азық-түлік жабық базарларының қызметіне рұқсат беру; Күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып келушілердің санын 30 пайыздан асырмай және бір келушіге кемінде 4 шаршы метрге арналған азық-түлік бөлімдерді, дәріханаларды, сұлулық салондарды, химиялық тазалауды қоспағанда, келушілердің санын 30 па-йыздан асырмай және бір келушіге 4 шаршы метр орын арнап, жұмыс күндері сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін жұмыс кестесін белгілеп, сенбі және жексенбі күндері алаңы 2000 шаршы метрден астам сауда ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, сауда орталықтарының жұмысын тоқтата отырып, сауда ойын-сауық орталықтары, сауда үйлерінің, сау-да орталықтарының қызметі шектелсін. Балалар ойын алаңы мен аттракцион қызметіне тыйым салынсын.

Пікір қалдыру

Міндетті өрістер таңбаланған Обязательные поля помечены *