VII шақырылған Ақмола облыстық мәслихаты депутаттарын кезекті сайлаудың нәтижесі туралы хабарлама

2021 жылғы 10 қаңтарда тұтас сайлау округінің аумағы бо-йынша Ақмола облыстық мәслихатының депутаттарын кезекті сайлау өткізілді.
Облыс бойынша сайлаушылар тізіміне 519633 азамат енгізілді, соның ішінде 378320 адам немесе 72,80 пайызы сайлау бюллетеньдерін алды.
Дауыс беруге 370760 адам қатысты, соның ішінде бекітуден шығару куәліктері бойынша 741 сайлаушы дауыс берді, 5891 сайлаушы орынжайдан тыс дауыс берді.
Сайлауға 4 саяси партия қатысты.
Дауыс беру кезінде саяси партияларды жақтап, мынадай дауыс саны берілді:
«Nur Otan» партиясы – 275414 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 75,72 пайызы;
«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 32365 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 8,90 пайызы;
«Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы – 32398 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 8,91 пайызы;
«ADAL» саяси партиясы – 23544 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 6,47 пайызы.
Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар санынан жеті және одан көп пайыз алған саяси партиялар үшін депутаттық мандаттардың мынадай бөлінуі анықталды:
«Nur Otan» партиясы – 26 мандат;
«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 3 мандат;
«Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы – 3 мандат.

Ақмола облыстық сайлау комиссиясы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар