Көшелер қардан тазартылуда

Өткен тәулікте Көкшетау қаласында қар белгіленген мөлшерден көп жауып, көшелерді қалың қар басты.
Қалада көшелерді қардан тазарту жұмыстары тыңғылықты жүргізілуде. Н.Назарбаев, Ш.Уәлиханов көшесі, пошта ғимараты мен мәдениет үйінің маңайы қардан тазартылуда. Бұл жұмысқа «Мир» ЖШС 12 адам күші және «Көкше тазалықтың» техникалары жұмылдырылуда.
«Мир» ЖШС бригадирінің айтуынша, қазіргі күні 10 мың тонна қар шығарылды. Қазір Ш.Уәлиханов және өзге де көшелерді қардан тазалау жұмыстары жүргізілуде.
Суретте: «Мир» ЖШС-ның жұмысшылары Абай Сүйінжанов, Павел Мерсанов және Сергей Подкидной.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар