Жаңа сайланған депутаттарға ақ жол тілеймін

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында сөз сөйлеп, Мәжілістің жаңа құрамы алдына міндеттер қойды. Ол бізге де ой салды.

Мемлекет басшысы азаматтардың тұрмысын жақсарту басты міндет екенін айтты. «Біз бұл міндеттерді орындау үшін ең белсенділерді тартамыз. Дамыған мемлекет бұл біріншіден азаматтардың денсаулығы. Ол үшін біз барлық жағдайды жасауымыз керек. 2025 жылға дейін біздің тұрғындар үшін инфрақұрылымы дамыған ортаны құруымыз қажет. Өзге де салалар үшін қажетті жұмыстарды жүргіземіз»,–деді Президент. Сондай-ақ, ол әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі саясатты күшейту қажеттігін айтты. Осы орайда, мекенжайлық көмектің нығайтылатыны көңілге қонады. Жасалып жатқан Әлеуметтік кодекс бұл маңызды әлеуметтік саланы дамытуға жауап береді. «Сот жүйесі реформасын толық жасау қажет. Жоғарғы сот басшысының жүргізіп жатқан жұмысына қарамастан, өзге де атқаратын жұмыстар бар. Сот жүйесі жабық корпорация болмауы тиіс»,–деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Президент өз сөзінде шамалы алға басушылыққа қарамастан, Қазақстан бірқатар көрсеткіштер бойынша артта қалғанын жасырмады.
– Әлем білім мен экономика жағына бет бұрды. Бұл шындық. Бүгінгі балалар мен жастар 2050 жылға дейін еліміздің нарығын анықтайтын болады. Олардың бәсекеге қабілеттілігі еліміздің қолайлы тұрмыстық жағдайын жасайды. Жастар инвестициясының қайтарымы мол болып, біздің мемлекетімізге жемісін береді,–деді Мемлекет басшысы. Одан әрі ол өңірлер арасындағы алшақтықты қысқарту міндетін қойды. Ол үшін әлеуметтік пакетті жасағандары дұрыс деп есептеймін. Денсаулық сақтау жүйесі сырқаттарға бағытталуы тиіс. Азаматтардың салауатты өмір салты ұлтты құраудың базалық жағдайы екенін жете түсінеміз. Ол үшін спортқа назар аудару керек. Үкімет балалар спортын қаржыландыруды қайта қарағаны, бұл міндет Парламент депутаттарының бақылауында болатыны көңіліме қуаныш ұялатты.
Бұған дейін де бизнес қолдауға ие болып келген-ді. «Салық саясаты тексерілетін болады. Назарымызды шағын және орта бизнесті қолдауға аудару қажет. Кәсіпкерлікті қолдауды қайта жасау керек. Бұл бағытта тапсырма беріп, Жарлыққа қол қойдым. Үкіметте маңызды заң жобасы дайындалуда. Ол биылғы жылдың маусымында енгізіледі»,–деді Президент.
Жалпы, жаңа сайланған қос палатаның депутаттары ел игілігі үшін еңбек етіп, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына өздерінің сүбелі үлестерін қосатынына сенімім мол.

Қанат АҚШАЛОВ,
Шортанды ауданының құрметті азаматы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар