Бірқатар жобалар жүзеге асырылды

Қазақстан Республикасының «Жасыл экономикаға» көшуі туралы тұжырымдама Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 30 мамырдағы №577 Жарлығымен бекітілген болатын.

«Жасыл экономика» елдің тұрақты дамуын қамтамасыз етудің маңызды құралдарының бірі болып табылады. Осындай экономикаға көшу Қазақстанға әлемнің неғұрлым дамыған 30 елінің қатарына кіру бойынша қойылған мақсатқа қол жеткізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Ақмола облысында негізгі энергетикалық ресурстарды үнемдеу және қызметтің барлық салаларында энергия тиімділігін арттыру бойынша белгілі бір жұмыс жүргізілуде. Бүгінгі таңда аймақта жалпы инвестиция сомасы 268 миллиард теңгені құрайтын жаңартылатын энергия көздері бо-йынша 10 жоба бар, олардың 5-еуі іске асырылып, жұмыс істеуде. Бұл энергия объектілерінің белгіленген қуаты шамамен 200 МВт, тартылған жеке инвестициялар көлемі 118 миллиард теңгені құрады.
Мәселен, Ерейментау ауданында іске қосылған қуаты 45 МВт алғашқы жел электр станциясы баламалы жаңартылатын энергетиканың бастауы болды. Сондай-ақ, «Родина» агрофирмасы» қуаты 750 кВт жел қондырғысын салған. Өндірілген электр энергиясы өз қажеттіліктері үшін пайдаланылады. Өткен жылы Астанадан 30 шақырым жерде орналасқан Аршалы ауданының Қостомар ауылындағы «ЦАТЭК Green Energy» компаниясы құны 43,5 миллиард теңгеге бағаланған 50 мегаваттық жел электр станциясының алғашқы кешенін іске қосты. Күн энергиясы тәрізді табиғи ресурстарды пайдалану тұрғысынан жаңа күн электр станциясын салу жобасы енгізілді. Бұл сондай-ақ, ресейлік «Hevel» компаниясының қатысуымен жүзеге асырылған қуаты мен салынған қаражаты бойынша үлкен нысан болып табылады. 100 МВт нысанға 53,3 миллиард теңге инвестиция тартылды. Өткен жылы Көкшетау қаласында құны 1,7 миллиард теңге болатын «Вичи» серіктестігінің 3,75 МВт жел электр станциясы пайдалануға берді. Қуаттылығы 0,75 МВт болатын 5 жел турбинасы орнатылды. Өндірілетін электр энергиясы «KEGOC» акционерлік қоғамы Бірыңғай жүйелік операторы арқылы беріледі.
Қазіргі уақытта жалпы құны шамамен 150 миллиард теңге болатын 340 мегаватқа арналған тағы 5 жаңа жоба іске асырылуда. Екінші кешеннің құрылысы аяқталуда, оның жалпы қуаты 100 мегаватты құрайды. ЦАТЭК компаниясының бұл жел жобасы Ақмола облысындағы ең ірі жобалардың бірі болып табылады. 2021 жылдың басында Ерейментау ауданында тағы бір 50 МВт болатын «Ereimentau Wind Power» жобасын іске қосу жоспарлануда. Биылғы жылы «Вичи» серіктестігінің 3,75 МВт-қа және 30 МВт-қа «Golden Energy Corp» жел электр станциясы, 2022 жылы Аршалы ауданында 156 МВт-қа есептелген «Borey Еnergo» компаниясының ірі жел электр станциясы іске қосылады. Жаңа энергия өндіруші нысандарда пайдалану кезеңінде 85 тұрақты жұмыс орны ашылады. Осы бағыттағы жұмыстар одан әрі жалғасуда.
Тимур ХАМЗИН,
Ақмола облыстық энергетика
және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар