«Тақиялы періште» бейнесімен ел есінде қалды

Аты аңызға айналған өнер иесі, актер, миллиондардың сүйікті кино туындысы – «Тақиялы періште» фильмінің бас кейіпкері, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Әлімғазы Райымбеков өмірден озды. 

Барша қазақ жұртына «тақиялы періште» болып танылған Әлімғазы Сұмағұлұлы 1936 жылы 1 желтоқсанда Алматы облысында дүниеге келіпті. Алғашқы еңбек жолын ауылда жүргізуші болып бастаған ол 1965 жылы алғашқы «Ән қанатында» фильмінің спорттық іс-шараларына шақырту алады. 1966 жылы «Қилы кезең» фильміне түседі.
1968 жылы режиссер Шәкен Аймановтың қазақ киносының алтын қорынан ойып тұрып орын алған «Тақиялы періште» кинофильміндегі Тайлақтың рөлін сомдайды. Осы кезден бас-
тап жұртшылыққа кеңінен танылады. Бұдан бөлек, «Көгілдір такси», «Қан мен тер» секілді оннан аса кинофильмге түскен. Бірнеше мерекелік медальдар мен Құрмет грамоталарын алған өнер майталманы Алматы облысы Көксу ауданының Құрметті азаматы еді.
Әлімғазы Райымбеков өмірінің соңына дейін қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, жас ұрпақты тәрбиелеуге үлкен үлес қосқан. Әлемді жайлаған жаман ауру осы бір жақсы адамды ортамыздан алып кетті. Әйгілі актердің есімі әр қазақтың жүрегінде мәңгі сақталады.
Ы.ШАМШИЕВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар