Бактериядан қорғайтын ақылды бетперде пайда болды

Америкалық зерттеушілер адамды бактериядан қорғайтын арнайы сүзгі орнатылған бетперде шығарды. Бұл өте жақсы жаңалық болды. Өйткені, қазіргі біз киіп жүрген бетперделердің қайсысы да адам демімен суланып, бет терлеп кететіні жасырын емес. Ал, мына бетпердеге назар салмақ, инновациялық маска ішіндегі ауаны салқындата алатын қасиеті бар екен. Нәтижесінде, адамның беті мүлде терлемейді.

Тағы бір ерекшелігі, бетперде қараңғы жерде жарық  шашып, басқаларға көрініп тұрады. Сондай-ақ, онда ультракүлгін шамдар мен  микрофон бар. Әзірге маска ақ және қара түсті болып шығарылған. Алайда, оның бағасы әлі нақтыланбаған. Бірақ, компания өкілдерінің айтуынша, ақылды бетперде жақында жаппай сатыла бастайды. Компания өкілі Кушал Тандонның мәлімдеуінше, бетперденің екі нұсқасы жасалған. Оның формасын келтіруге және дұрыс силиконды астарын жасауға көп уақыт кеткені де байқалады. Өйткені, олар бетперденің ұзақ киілуіне мән берген. Сондай-ақ, бетперденің микробтарды өткізбей ұстап қалатын сүзгілері де бар екен.

Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар