Вакцина – өзін-өзі оқшаулау мен карантиннің жалғыз баламасы

– Жалпы республикада өткен жылдың қараша айынан бастап коронавирус инфекциясын жұқтырған азаматтардың көбейгені байқалады. Қазан айымен салыстырғанда қарашада жұқтыру деңгейі 4,5 есе, қараша айымен салыстырғанда желтоқсанда 1,2 есе өскен. Жұқтыру деңгейінің арту тенденциясы қаңтар айында да сақталуда. Бұған желтоқсан және қаңтар айларындағы мерекелер кезінде халықтың алдын алу шараларын сақтамауы себеп болып отыр, – деді Алексей Цой Үкімет отырысында. Министр келтірген мәліметке сәйкес, қаңтар айындағы 19 күннің ішінде коронавирус инфекциясын 14 625 адам жұқтырған.
Бүгінге дейін зерттелген сынамаларда коронавирустың британдық штамы анықталмағаны атап өтілді. Министрдің айтуынша, халыққа екпе жұмыстары 1 ақпаннан басталып, вакцинаның жеткізілу мөлшеріне қарай салынады. Контингент келесі тәртіпте белгіленген: бірінші кезеңде инфекциялық ауруханалардың медицина қызметкерлеріне, жедел жәрдем қызметінің мамандарына, жан сақтау бөлімінің, алғашқы медициналық-санитарлық көмек қызметінің, ауруханалардың қабылдау бөлімінің, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мамандарына, нақтырақ айтқанда 100 мыңға тарта азаматқа вакцина салынатынын мәлімдеген Министр екінші кезеңде жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдеріне, ЖОО оқытушыларына, ведомстволық медицина қызметінің мамандарына, нақтырақ айтқанда наурыз айынан бастап шамамен 150 мың адамға екпе егіледі. Үшінші кезеңде мектеп-интернаттарының педагогтеріне, балалар мен мектепке дейінгі мекемелердің қызметкерлеріне, студенттерге, созылмалы аурулары бар азаматтарға (сәуірден бастап шамамен 600 мың адам) вакцинациялау жүргізіледі.
Қазақстанда биыл 6 миллион адамға коронавирусқа қарсы вакцина салу көзделген. Денсаулық сақтау министрлігінің болжау жөніндегі жұмыс тобы 2021 жылдың соңына дейін эпиджағдайдың дамуына болжам жасады. Жағдайлар осы жылдың наурыз айының соңында көп тіркелуі мүмкін. Оптимистік сценарий бойынша тәулігіне 3 мың жағдайға дейін күтілуде, ал төсек қорының барынша қамтылуы 24 мың төсекке дейін жетуі мүмкін. Дегенмен, аталған сценарий кезінде қатаң карантиндік шараларды енгізу жоспарланып отырған жоқ.
Бірінші кезеңде 2 миллион адамды вакцинациялау эпидемияның дамуына оң әсер етеді, бұл вакцинациядан кейін иммунитетті дамыту үшін қажетті уақытпен, халықтың көп бөлігін бір уақытта вакцинациялаудың мүмкін еместігімен шектеледі. Біздің есептеуімізше, 2 миллион адамды вакцинациялау тіркелген жағдайлардың санын 40 мыңға азайтады. Тиісінше, вакцинациямен қамту неғұрлым жоғары болса, КВИ-мен сырқаттанушылық пен өлім-жітім азаяды және шектеу шаралары мен локдаунсыз өмірге оралу ықтималдығы артады. Пандемияның дамуының осы кезеңінде бүкіл әлем өзін-өзі оқшаулау мен карантинге жалғыз балама – вакцинация екенін түсінді, – деп атап көрсетті сөзінің соңында Алексей Цой.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар