Ақмола облысында діни объектілердің қызметіне тыйым салынды

Ақмола облысы бас мемлекеттік санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты. Осы қаулыға сәйкес, діни объектілердің (мешіт, шіркеу, собор, синагога және басқалар) қызметіне тыйым салынады. «Келушілердің санын 30 пайыздан асырмай және бір келушіге кемінде 4 шаршы метр сақталған жағдайда ауданы 1000 шаршы метрден артық азық-түлік сатпайтын дүкендердің қызметі сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін шектеледі. Сенбі және жексенбі күндері жұмыс істемейді. Сонымен бірге, келушілердің санын 30 пайыздан асырмай және бір келушіге кемінде 4 шаршы метр сақталған жағдайда ондағы азық-түлік бөлімдері мен дәріханаларды қоспағанда, жексенбі күндері ауданы 1000 шаршы метрден асатын супермаркеттер мен гипермаркеттер жұмысын тоқтатады» делінген қаулыда.

Бұдан бөлек, келушілердің санын 30 пайыздан асырмай және бір келушіге кемінде 4 шаршы метр аумақ сақталған жағдайда супермеркеттер мен гипермаркеттер жұмысы сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін шектеледі. Қаулы 2021 жылғы 23 қаңтар сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар