Тұрғын үйлер ажарлануда

Көкшетау қаласында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы бойынша 66 көп қабатты үй жөнделді.

Жөндеу жұмыстарына 1,3 миллиард теңге жұмсалды. Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Виктор Радченконың айтуынша, тек өткен жылы облыс орталығында 19 көп қабатты үй жөнделген. Абылай хан даңғылындағы бір үйдің жөндеу жұмыстары қайтарымды қаржы есебінен жүргізілді.
Биылғы жылы аталмыш бағдарлама шеңберінде Көкшетау қаласында 4 көп қабатты үй жөндеуден өтті. Қанай би мен Куйбышев көшелерінің 2 көп қабатты үйі қайтарымды қаржы есебінен жөнделді. Бұл көп қабатты үйлердің жертөлесі, подъездері, шатыры, үйдің сырты күрделі жөндеуден өтті. Инженерлік жүйесі ауыстырылды. Жылудың басқару жүйесі мен есептегіші орнатылды.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар