Рахымжан Әли ел чемпионатының қола жүлдегері атанды

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше, Алматы қаласында 2003-2004 жылдары туған жастар арасында бокстан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

Жарысқа Ақмола облысы атынан Жақсы, Атбасар аудандары және Көкшетау қаласынан 9 былғары қолғап шебері қатысып бақ сынады. Оның ішінде 56 келі салмақта шаршы алаңға шыққан жерлесіміз Рахымжан Әли қола жүлделі үшінші орыннан көрінді.

Жас боксшылар тәлімгерлері Бақыт Шыныбеков, Андрей Спиридонов және Самат Мағзұмовтың жетекшілігімен жаттығады.

Аслан ОСПАНОВ,

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар