Өнеріне сүйсініп қол соқты

Облыстық филармонияда  республикамызға танымал  әнші Еркін Нұржановтың мерекелік ән кеші болып өтті.

Әнші ретінде есімі елге жақсы мәлім  Еркіннің концертінде ине шаншар жер болмады. Есті ән тыңдайтын көрерменнің көп екені көңілге қуаныш ұялатты. Сымбатты да, сабырлы әншіні бір көруді армандаған көрермен қауым ыстық ықыласпен қарсы алды.
Шығармашылық кеш эстрада әншісінің репертуарындағы «Сағынған ел» әнімен басталды. Сондай-ақ, «Ана туралы жыр», «Мені ойла, мені ойла», «Жаным саған» әндерін шырқаған кезде залдағы көрермендер билей жөнеліп, әндерін қосыла орындады. Әсіресе, «Аңсағаным», «Арайлым», «Ей, жалғыз ұлым» әндері жастардың көңілінен шықты. Еркін Нұржановпен бірге келген өнердегі інісі  Асқар Қалмырза да өзінің өнерін паш етті. Ол әндерді сәтті орындап, көрерменді бір серпілткен еді.
Әншінің жүрек тербейтін әуезді әндерін көрермен қауым ұйып тыңдады. Жиналған жұрт әннің кәусарына қанды. Бірі – қосыла ән шырқаса, енді бірі гүл шоқтарын тарту етті. Кеш соңында көрермендер суретке түсіп, қолтаңба алды.
Қарлығаш ҚАРПЫҚБАЕВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар