Бағдаршам және біз

Көкшетау қаласының Білім бөлімі жанындағы «Шұғыла» мектепке дейінгі шағын орталығында  «Бағдаршам және біз» атты тақырыпта ашық сабақ өтті. 

Сабақтың мақсаты балаларға жолда жүру ережесі  туралы түсінік беру, жолда жүру ережелеріне сәйкес бағдаршамның атқаратын қызметімен таныстыру болып табылады. Бұл ашық сабақты шағын орталықтың «Алма» тобының тәрбиешілері Камета Дәулетова мен Айтолқын Абилова жоғары деңгейде ұйымдастырды. Балаларды қызықтыру үшін түрлі плакаттар, көрнекіліктер әзірлеп, сабақты тартымды етіп өткізді.  Балалар  ойын түрінде өткен бұл шараға белсене қатысып, тақпақтарын айтып, ән шырқады. Сондай-ақ, бүлдіршіндер  жол жүру ережесі туралы мол мағлұмат алды. Көше, жол, жаяу адам жүретін жол мен көліктер туралы түсініктерін жетілдірді.

Венера ТАЛҒАТҚЫЗЫ. 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар