Қартымызды ескердік

«Нұр Отан» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында Көркем негізгі мектебінде қарттардың қатысуымен кездесу  өткізілді.

Келер  ұрпақ үлкендердің тәлім-тәрбиесіне, ақылына  қанығып өссін, олардың өмірінің жақсы жақтарынан үлгі алсын деген мақсатпен  өткізілген «Қарттарым – асыл қазынам» атты мерекелік кешке мектебіміздің ұжымы белсене араласты. «Қарты бар үйдің құты бар» деп текке айтылмаған ғой, кездесуге ауылымыздың қариялары түгел жиналып, оқушыларға өздерінің өткен өмірлері туралы әңгімелеп берді. Ауыл әкімі Сембай Сейітов қарияларды мерекелерімен құттықтап, еліміздің өсіп-өркендеуіне қосқан үлестері мен ерен еңбектері үшін шынайы алғысын жеткізді. Ауыл қарттарының тұрмыс-тіршілігі, өткен өмір белестері жайлы бейнебаян көрсетіліп, кеш соңы шағын концерттік бағдарламаға ұласты.  
Жанаргүл ЖАРҚЫНБЕКОВА,  
Көркем негізгі
мектебі  директорының  
тәрбие ісі жөніндегі меңгерушісі.

Егіндікөл ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар