Ардагерлер сайысы

Қазанның бастапқы күндерінен бері өтіп жатқан Қарттар айлығына орай Көкшетаудағы «Бурабай» спорт кешенінің зияткерлік ойындар орталығында егде адамдар арасында шахматтан және дойбыдан облыстық чемпионат өз мәресіне жетті.

Екі жылдан бері дәстүрге айналған бұл сайысқа қалалық біріншілікте жүлделі орындарға ие болған шаршылы тақта шеберлері мен облыстың кейбір аудандарынан спорт әуесқойлары қатысты. Өкінішке орай, ауа райының қолайсыздығынан бұл біріншілікке көптеген аудандардың өкілдері келе алмады.
Сөйтіп, тартысты өткен бәсеке барысында шахматтан бас жүлдеге спорт шеберлігіне кандидат Серік Құрманғожин ие болды. Ал, екінші-үшінші орындарды спорт шеберлігіне кандидаттар Валерий Причислов пен Тельман Мұқышевтар өзара бөлісті.
Дойбышылар арасында спорт шеберлігіне кандидаттар Владимир Тонких пен Иван Полинкевич бастапқы екі орынды еншілесе, спорт әуесқойы, байырғы журналист Сайлау Көшкенұлы үшінші орынды иеленді. Жүлделі орындарға ие болған ардагер спортшылар облыстық дене тәрбиесі және туризм басқармасының тиісті дәрежедегі Грамоталарымен, медальдарымен және ақшалай сыйлықтарымен марапатталды.

Сайлау КӨШКЕНҰЛЫ,
жарысқа қатысушы,
І-разрядты дойбышы және шахматшы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар