Алдыңғы қатарда келеді

Бүгінгі таңда облыс орталығындағы «КамАЗ Инжиниринг» акционерлік қоғамы құрастырған жүк автокөліктері экономиканың әр саласында пайдаланылады.

Негізгі бөлшектері Ресейден тасымалданса, кейбір бөлшектері Қазақстанда жасалып, жүк автокөліктерін құрастыру цехында жиналады. Мұнда өз кәсібін жетік меңгерген шеберлердің қимылдары ширақ. Солардың бірі – Есболат Хасенов. Ол үш жылдан бері құрастыру жұмыстарының слесарь-механигі болып еңбек етуде. Еңбек десе ішер асын жерге қоятын шебер күнделікті нормасын асыра орындайды. Оның бұл еңбегі еленіп, талай рет Алғыс хатпен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар