Фермерлерге арналған интернет қосымшасы

«Қазгидромет» Қазақстан фермерлеріне арналған https://agrodata арнайы интернет-қосымшасын іске қосты.

Интернет-қосымшаны Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің тапсырмасы бойынша «Қазгидромет» РМК-і әзірледі. Ол агрометеорологиялық қызметтерді көрсетуге арналған. Бірінші кезекте егіншілік шаруашылығымен, әсіресе, дәнді дақылдарды өсірумен айналысатын фермерлер арасында сұранысқа ие. Бірақ, бұл қосымша Қазақстанның кез-келген тұрғынына пайдалы болуы мүмкін. Agrodata құрамында нақты және болжамды агрометеорологиялық ақпарат және ауа райы болжамдары бар.

Қосымшада ауа райы болжамдары, тұқым себетін күндер жөніндегі ұсыныстар, топырақтағы ылғал қоры және сала бойынша басқа да маңызды ақпарат бар. Бұл – Agrodata ақпаратына сүйене отырып, дұрыс шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді. Мысалы, шығымдылық болжамына назар аудара отырып, өңдеу жұмыстарының ең оңтайлы уақытын таңдауға көмектеседі. Нәтижесінде фермердің өзі тәуекелдердің қайда екенін біледі және шығындарды азайта алады. Бұл қызмет түрінің мақсаты – астық өндіру шығындарын азайту.

Қосымшаны кез-келген гаджеттен тегін пайдалануға болады, тек бұл үшін интернетке кіру керек. Барлық ақпарат жоғарыдағы сілтеме бойынша қарапайым және қолжетімді түрде ұсынылған.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар