Ағаштан түйін түйген

«БЛЭК» серіктестігі қазақтың ұлттық бұйымдары мен тұрмыстық заттарын ағаштан оюды және ағаштан үй бұрап салуды мықтап қолға алған. Цехта ағаштан ойылып жасалған ұлттық бұйымдар мен тұрмыстық заттар көздің жауын алады.

Астаудың бәрі ерекше сәнмен әрленіп, қолмен қапсыра ұстайтын екі басы ұлттық өрнекпен әшекейленеді. Мұнда жинамалы дөңгелек үстел, ұлттық оюмен өрнектелген кебеже мен үй жиһаздары, тамақ құятын ыдыстардың көптеген түрлері  шығарылады. Бұрын кез-келген қазақ үйінің төрінде тұратын әртүрлі ағаш сандықтарды көргенде, көңілің елжіреп-ақ кетеді. Кәсіпорында сәні ерекше ағаш бұйымдарын жасайтын кәсіби шебер Қуаныш Мусин (суретте) осы өнерге құштар жастарды үйретіп жүр. Оның ұқыпты қолымен ойылған сапалы бұйымдар көпшіліктің көңілінен шығуда. Бұйымдардың барлығы осы шебердің ізденісінен туындап, барлық технологиялық ережеге сай ерекше сәнмен орындалғаны көрініп-ақ тұр. Ағаш шебері жұмыс барысында өзінің жылдар бойы жинақтаған озық тәжірибесі мен шынайы шеберлігін пайдаланыпты. Әр бұйымды қашаумен ойып, әшекейлеуде сыртқы тартымдылығы мен сапасына назар аударуда.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар