Туризм – пайда көзі

«ЭКСПО – 2017» халықаралық маманданды-рылған көрмесі Астанамен іргелес Қорғалжын өңірін де айналып өтпейтіні белгілі болып отыр. Осы орайда, алдымызда барлық әлеуетімізді таныту міндеті тұр. Келген меймандарға еліміздің көрікті жерлерін аралату, тәуелсіздік жылдары қол жеткен жетістіктерімізді көрсету – баршамыздың басты міндетіміз.

  Астананың іргесінде небары 130 шақырым қашықтықта орналасқан біздің аудан үшін бұл шара жергілікті жерде туристік кластерді дамытып, оны әлемнің көптеген  елдерінен келетін туристерге паш етуге мүмкіндік береді.
Жуырда  аудан әкімдігі, аудандық кәсіпкерлік пен өнеркәсіп және туризм бөлімі, Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы бірлесе ұйымдастырған семинар өтті. Жиналыста облыстық туризм басқармасының басшысы Шынарбек Батырханов, «Демалыс пен туризм орталығы» серіктестігінің  президенті Константин Миляев және аудан басшылары мен қоғамдық қордың төрағалары өз ойларын ортаға салды.
Семинар барысында сөз алған Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы директорының орынбасары Алексей Кошкин қазіргі таңда қаймағы бұзылмаған табиғатымызды қаз қалпында сақтап қалу міндеті тұрғанына баса назар аударды. Оның айтуынша, егер Қорғалжынның табиғатын осы қалпында ғасырдан ғасырға жеткізуді мақсат етсек, ауданымызда туристік кластерді дамытамыз деп асыра сілтеп алмауымыз қажет. Бұл тұрғыда табиғатты да, қоршаған ортаны да ескеруіміз қажет екендігін түсіндірді. Ал, «Жасыл көпір» қауымдастығының өкілі Людмила Шабанова керісінше, осындай таң-тамаша табиғаттың ортасында отырып, қорғалжындықтар өздерінің пайдасын да ойлау керектігін алға тартты. Бұл жердің тасы да, шөбі де, қамысы да табыс табуға жаратылғандай әсер қалдырады, –
деді ол. Осындай мол байлықтың үстінде отырып аудан тұрғындарына неге пайда таппасқа?!
Семинар барысындағы әрбір қатысушының өз ойын ортаға салғаны, пікір алмасулары, ой бөлісулері біраз мәселені жан-жақты талқылауға мүмкіндік берді.  Семинарды қорытындылаған облыстық туризм басқармасының басшысы Шынарбек Батырханов аудан әкімдігіне, Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығының қызметкерлеріне шынайы ризашылығын білдірді.

Шоқан ЗӘКАРИН.
Қорғалжын ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар