Миыңыз дем алысын десеңіз…

Ми адам тәнінің басты ағзаларының бірі және оның тәннің қызметінде атқаратын рөлі өте зор. Әсіресе, ой қызметінде мидың сергек болып, қалыпты жұмыс істеуінің маңызы ерекше.

Осы орайда, миды жалқаулыққа жетелейтін жеті себеппен таныс болудың артықтығы жоқ. Ол себептердің қатарында мыналар бар:
Ұйқының қанбауы. Созылмалы ұйқысыздықтың денсаулыққа келтірер зияны аз емес. Дұрыс ұйықтамаған адам ұйқы басып шаршап жүреді және зейіні мен ми жұмысы әлсірейді. Адамдарға жақсы тынығып, дұрыс жұмыс  істеу үшін  күн сайын кем дегенде 7-8 сағат ұйықтау  қажет. Дегенмен, кейбіреулер үшін  үш-төрт сағаттық ұйқы да жеткілікті.
Стресс. Бүгінде белең алған дерттің бірі саналатын стресті мойныңызға мінгізсеңіз, құтылу қиын болады.  Стреспен күресудің ең қолжетімді тәсілдерінің қатарында күнделік жазып отыру, психологтың кеңесін тыңдау, дене жаттығуларымен айналысу, ұйықтау мен тамақтану ережесін сақтау сияқты шаралар бар.
Қозғалмаушылық. Ой еңбегімен айналысатын адамдар күнұзақ бір орнында қозғалыссыз отырады. Мұның қан айналымына, зат алмасуға кері әсері бар. Осы орайда, дене жаттығуларын жасаудың мәні зор. Күнделікті дене жаттығулары қан айналымын жақсартып, ол өз кезегінде ағзаларды оттегі мен нәрлі заттардың тәннің барлық бөліктеріне таралуына ықпалын тигізеді.
Жеткілікті мөлшерде су ішпеу. Адам денесінің  60 пайыздайы судан тұрады екен. Ал, мидың   80 пайызы су болады.  Егер жеткілікті мөлшерде  су ішпесеңіз, оның теріс әсері аз тимейді. Ми толық көлемде сұйық алмаған жағдайда адам ашуланғыш, әрнәрсеге тез берілгіш келеді, ойлау жүйесінің жұмысы нашарлайды.
Пайдалы майларды тұтынбау. Адам ағзасына қажетті пайдалы майларды жеткілікті көлемде тұтынбаудың ми жұмысына залалы көп. Осы орайда, трансмайлар деп аталатын маргарин, т.б. өңделген сутектендірілген майлардан аулақ болғаныңыз жөн. Оның есесіне полиқаныққан, моноқаныққан майларды тұтынуға барынша көңіл бөліңіз. Ондай майлар грек жаңғағында, өңделмеген өсімдік майында, авокадода болады. Құрамында сондай майы бар тағамдарды пайдалану миды нәрлендіріп, жұмысын жақсартады.
Миды жаттықтырмау. Жұмыс істемеген ағзаның әлсіреп, жұмыс істеу қабілетінің нашарлайтынын ғылым растайды. Сондықтан, миыңызды үнемі жұмыс істетуге тырысқаныңыз дұрыс болады. Ол үшін шет тілдерін үйрену, жаңа бағдарламаларды, мамандықтарды меңгеру, әйтеуір миға салмақ салатын шаруаларға жете көңіл бөлуіңіз шарт. Мұның бәрі мидың жұмысын жақсартып, жадыны дамытады.
Жемістер мен көкөністер жемеу. Пісірілмеген, бұқтырылмаған, қайнатылмаған көкөніс өнімдерін тұтынудың адам ағзасына берері мол.  Көкөністер, жемістер, көк шөп, дәнді дақылдар, бұршақ тұқымды дақылдарды қолданудың пайдасы көп. Бұндай дақылдар витаминдер мен минералдарға бай. Оның бәрі мидың қалыпты жұмыс жасауына игі ықпалын тигізетін заттар.
Қалкөз ЖҮСІП.

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар