Ауыл мектебінде пилоттық жоба іске қосылды

Инклюзивті білім беру Ақмола облысында да жақсы бастау алып, қолдауға ие болуда. Целиноград ауданының Талапкер ауылындағы № 3 орта мектебінде осындай кабинет ашылды.

Бұл пилоттық жоба «Дара» қайырымдылық қоры мен Ақмола облысының білім басқармасы арасындағы меморандум негізінде жүзеге асырылып отыр. Инклюзивті оқыту дегеніміз – мектепке дейінгі және мектеп жасындағы ерекше қажеттілігі бар мүмкіндігі шектеулі балаларды физиологиялық немесе психологиялық мүмкіндіктеріне қарамастан, тәрбиелеу, қоғамға бейімдеу жүйесі. Инклюзивті оқыту арқылы барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеріп, ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз етуге болады.
Талапкер ауылдық мектебінде жалпы 1862 бала оқыса, оның ішінде 34 оқушы аталмыш орталықта білім алатын болады. Ресурстық кабинетке 91 шаршы метр орын бөлініп, толық қажетті құралдармен, баланың ой-өрісінің дамуына ықпал ететін ойыншықтармен, кітаптармен қамтылған. Балалармен әлеуметтік педагог, психолог, логопед, дефектолог жұмыс істейді.
Даурия Даулетияр.
Целиноград ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар