Ар-намыстары бойларында, еліне ұлан болу – ойларында

Жанайдар Мусин атындағы Көкшетау педагогикалық колледжінде «Жас ұрпаққа әскери-патриоттық тәрбие берудің маңызы» атты тақырыпта облыстық семинар ұйымдастырылды. Салтанатты жиын «Айбын» әскери-патриоттық клубы туының шығарылып, «Ұландар» хорының «Айбынның» әнұранын орындауынан бастау алды. Отанның лайықты қорғаушысы болу күрделі міндет, сондықтан әрбір жасөспірім мектеп қабырғасынан бастап, әскери қызметке дайын болуы тиіс. Семинар барысында  осы мәселе жан-жақты талқыланып, қатысушылар оқушыларды патриоттық рухта тәрбиелеудің амал-тәсілдерін мысалға келтірді.Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Валерий Гамазов сөйлеген сөзінде өңірімізде әскери ұйымдар баршылық екенін тілге тиек етті. Республика бойынша оның саны алты жүзге жуық болса, соның  140-ы біздің облысқа тиесілі. Балалар тек қана сабақ үстінде ғана емес, одан  тыс патриоттық тәрбие алатыны жарқын болашақтың кепілі болмақ. Баяндамада әр оқу орнында атқарылып жатқан жұмыстар сараланып, өзара тәжірибе алмасу үдерісі жүрсе нәтиже еселене түсетіні де анық. Келесі болып мінбеге шыққан облыстық  Қорғаныс істері жөніндегі  департамент басшысының бірінші орынбасары, подполковник Руслан Қасымов пен облыстық дене тәрбиесі, спорт және  алғашқы әскери дайындық оқу-әдістемелік орталығының директоры Виктор Яковенко әскери ұйымдар тек  елдік  рухты нығайтып қана қоймай, сондай-ақ, салауатты өмір салтын қалыптастыруға өз септігін тигізетінін алға тартты.
Жанайдар Мусин атындағы педагогикалық колледжінің жанынан құрылған «Айбын»  әскери-патриоттық клубы облыстық, қалалық деңгейде өткізілген түрлі әскери сайыстарда  жүлделі орындар иеленуде. Атап өтсек, клуб сапта жүріп ән айтудан облыстық байқаудың төрт дүркін жеңімпазы, облыстық әскери-патриоттық клубтар арасында ұйымдастырылатын жиын жүлдегері, алғашқы әскери дайындық пәнінен өтетін облыстық олимпиаданың үш мәрте жеңімпазы, облыстық «Намыс» спартакиадасының І орын иегері. Олардың қоржынындағы ең басты жүлде Қарағанды қаласында өткен республикалық әскери-патриоттық жиында жеңіп алған екінші орын болып табылады. Бұл жайлы аталмыш оқу орнының директорының тәрбие жұмысы бойынша орынбасары Ердігүл Дәдібас  әңгіме қозғап, қыз балаларға әскери-патриоттық және рухани тәрбие беру бағытында жұмыс істейтін «Томирис» қыздар саптық шеру тобы жайлы айтып өтті. Ал, алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушысы Есентай  Жылқыбаев клубтың материалдық-техникалық базасымен таныс-тырып, әскери іс пен азаматтық қорғаныстың негіздеріне тоқталды.
Шара  барысында «Айбын» әскери-патриоттық клубының жаңа мүшелеріне  куәліктер тапсырылды. Олар салтанатты түрде ант берді. Семинар соңы оқушылар дайындаған шағын концертпен аяқталды.

 

Ырысгүл АШУОВА

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар