Заң консультанттарының жұмысына серпін берген заң

Еліміз бағдар ұстаған құқықтық демократиялық зайырлы қоғамда барлық мәселе заң арқылы шешілетіні белгілі. Осы орайда әрбір азаматтың өз құқығын білуі, құқықтық жағынан сауатты болуының маңызы зор. Дегенмен де, бұл азаматтардың бәрі заңгер болуы тиіс дегенді білдірмейді.

Заңға қатысты мәселе туындаған жағдайда адамдардың құқығын қорғауды қамтамасыз ететін адвокаттармен бірге, соңғы жылдарда белсенді жұмыс істеп келе жатқан заң консультанттары жүзеге асырады. Заң консультанттарының палаталары әр өңірде қызмет етеді. Заң кеңесшілерінің қызметін ұйымдастыру, көрсету бағытында біраз олқылықтар болып келген еді. 2018 жылы қабылданған «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасының заңы соған дейін жол беріліп келген олқылықтарды жойып, оның қызмет деңгейін заман талабына сай көтереді деген үміт болған. Сол үміт қаншалықты ақталды, жаңа заң заң консультанттары қызметін жолға қоюға қандай игі ықпалын тигізді деген мәселелер төңірегінде газетіміздің тілшісі Ақмола облысы бойынша заң консультанттары палатасының төрағасы Бақыт Сұлтановпен сөйлесіп, өз ой-пікірлерін сұраған еді.
Қазақстанда заң консультанттарының қызметі саны 50 адамнан кем емес өзін-өзі реттейтін ұйымдарға заңгерлерді біріктіру үшін жағдай жасалған 2018 жылғы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданғанға дейін іс жүзінде реттелмеді.
Ең алдымен, Заң азаматтарға білікті заң көмегін алуға конституциялық құқықты іске асыруға, халықтың әлеуметтік осал топтарына, өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарға тегін негізде заң көмегін алуға қолжетімділікті қамтамасыз етуге және заң көмегін көрсету жүйесін кешенді жетілдіруге мүмкіндік берді.
Заң консультанттары Палаталары атынан адвокатурадан басқа, азаматтарды құқықтық қорғау деңгейін едәуір арттыра алатын, оларға кәсіби заң қызметтерінің кең таңдауын ұсынатын, қоғамда бәсекелестік сияқты орта құратын институт пайда болды.
Өткен жылдан бастап заң қауымдастығы аталмыш заңға ұсынылған өзгерістер мен толықтыруларды талқылауда. Талқылауға тәжірибелі заңгерлердің белсенді қатысқандығы қуантады. Заң әрекет еткен екі жыл ішінде заңгерлердің кәсіби қоғамдастығы жүйелі жұмыс істей бас-тады. Бұл халыққа заң көмегін көрсету сапасына әсер етті. Қабылданған заң тек заңгерлерге ғана емес, сонымен қатар олардың қызметтерін алушыларға да пайдалы екенін көрсетті. Сотта өкілдік ету көлеңкелі нарықтан шыға бастағаны да қисынды, өйткені, заң көмегін көрсетуге шарт жасасуды талап етеді, яғни, сот қызметтерін тиісті ресімдеусіз көрсету жағдайлары азаяды, келе-келе мүлдем жоғалады деп ойлаймын.
Заң консультанттарының бейіндік заңды қолдануының екі жылдық практикасы барлық палаталар тиісті түрде негізгі функцияларды, атап айтқанда, палатаға кіреберістегі бақылауды, біліктілікті сапалы арттыруды, әділ тәртіптік практиканы орындамайтынын көрсетті. Заң кеңесшілері палатасына мүшелік формальдылыққа айналды. Ерекшелік болған жағдайда, кеңесші басқа палатаға еш қиындықсыз кіреді.
Бүгінгі күні ел бойынша заң консультанттарының 85 палатасы құрылған, олардың төрттен үші өз құрамында 80-нен аспайтын заңгерлерді қамтитын микро-бірлестіктер болып табылады. Заңмен талап етілетін ең аз санға қол жеткізу мақсатында жекелеген палаталар заң консультанттарын аттестаттауды үміткердің біліктілік талаптарын тексерусіз формальды түрде жүргізеді. Мұндай палаталар біліктілікті сапалы арттырудың, әділ тәртіптік практиканың негізгі функцияларын орындамайды. Мұндай палаталарға мүшелік жасанды сийпат алды, жосықсыз заңгерлердің бір палатадан екінші палатаға көшуі байқалды. Яғни, клиентке сапасыз заң қызметтерін көрсеткен кезде клиенттің өтініші бойынша заңгердің тәртіптік жауапкершілігі туралы мәселе туындауы мүмкін. Мұны түсінген адвокат өз палатасынан шығып, заң кеңесшісіне қойылатын талаптар анағұрлым адал болатын басқа палатаға ауысады.
Мұндай сандық құрам басқару органдарының қызметін тиісті деңгейде жүзеге асыруға мүмкіндік бермейді, аттестаттауды өткізу сапасын, заң консультанттарының біліктілігін жүйелі негізде арттыруды қамтамасыз етпейді. Өз кезегінде заң консультантының біліктілігі халыққа заң көмегін көрсету сапасына тікелей әсер етеді.
Осы орайда, жаңа заң талаптарына сай заң кеңесшілерінің басын қосып, палаталарға біріктіру орын алған біраз олқылықтарды жоюға игі ықпалын тигізгені анық. Палаталарға бірігу аймақтың және тұтастай елдің заңгерлері арасында іскерлік қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік берді. Республикалық заң консультанттары алқасын құру заңгерлердің одан да көп санымен іскерлік қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік береді, палаталарға мүшелерді қабылдаудың бірыңғай практикасын әзірлеуге, оларды аттестаттауға, біліктілігін арттыруды жүргізуге ықпал ететін болады.
Заң нарығындағы істердің ағымдағы жағдайы сапалы заң қызметтерін ұсыну үшін біріктіруді, біздің өзін-өзі реттейтін саламыз үшін бірыңғай қағидалар мен стандарттарды біріздендіруді талап етеді. Заң қызметтерін ұсыну бойынша нарықта өздерін жағымды жағынан көрсеткен палаталарды біріктірудің заңнамалық мүмкіндігі бар деп санаймын. Бұл бүгінгі күні палаталар санын қысқартудың және бірыңғай талаптар мен стандарттар бойынша жұмыс істеуге ұмтылудың жалғыз нұсқасы болып табылады.
Заң консультанттары палаталарының қалыптасу кезеңінде қауымдастық палаталардың ішкі нормативтік-құқықтық актілерін әзірлеу мен келісуде әдістемелік және практикалық көмек көрсетті. Біздің палаталар қауымдастық тарапынан осындай көмекті үнемі алып тұрады.
Заң консультанттары палаталарының қызметін үйлестіру және олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында республикалық заң консультанттары алқасын құру ұсынылды, ол өз кезегінде мемлекеттік органдарда, мемлекеттік емес ұйымдарда, оның ішінде шетелдік және халықаралық ұйымдарда заң консультанттарының мүдделерін білдіретін болады, нормативтік- құқықтық актілерді әзірлеуге қатысады және заң көмегі мәселелері бойынша әдістемелік материалдар әзірлейді.
Қазіргі уақытта заң консультанттары палаталары қызметінің біркелкілігін, біліктілікті арттыру және тәртіптік практика мәселелері бойынша бірыңғай тәсілді қамтамасыз ететін заң консультанттарының бірыңғай органы жоқ. Палаталардың бытыраңқылығына байланысты заң консультанттары қызметінің мәселелері бойынша талдамалық және сараптамалық жұмыс, ақпараттық және әдістемелік қамтамасыз ету жүргізілмейді. Заң консультанттарының республикалық алқасы міне, осы мәселелерді шешуге игі ықпалын тигізеді деген ойдамыз.
Заң консультанттарының республикалық алқасын құру кәсіби заңгерлердің қызметі саласында бірыңғай саясаты бар құрылымға ие болуға, қызметті жариялылық пен ашықтық негізінде жүзеге асыруға мүмкіндік береді, жұмысты ұйымдастыруды дұрыс құруға мүмкіндік береді. Бұл тиісінше жергілікті жерлерде заң консультанттары палаталары қызметінің тиімділігін арттырады.
Заң консультанттары палатасы бейіндік заңға заң консультантының міндеттері бөлігінде толықтыруларды қолдады, атап айтқанда, ол заң көмегінің барлық түрлерін, оның ішінде сотта мүдделерді білдіру түрінде қызмет көрсету үшін заң консультанттары палаталарының бірінің мүшесі болуға міндетті.
Сол сияқты, біз заң консультанттарының қызметіне кепілдік беруге қатысты жаңа баппен заңымыздың толықтырылуын қолдадық. Өйткені, заң консультанттары азаматтық істер бойынша заң көмегін адвокаттармен тең дәрежеде көрсетеді, алайда, өз қызметінің заңнамалық кепілдіктері жоқ. Заң консультанты қызметінің кепілдіктері оның тәуелсіздігін, кәсібилігін қамтамасыз ету және сот және өзге де мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл кезінде қорғалуы үшін қажет.
Әңгімені жазып алған
Қалкөз ЖҮСІП.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар