Ізденіспен келген шеберлік

«Көкшетау энерго» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ең үздік релешілерінің бірі релелік қорғау, автоматика және өлшеу қызметінің басшысы Әділет Мұқашев дер едік. Компанияда жұмыс істеген 12 жылдың ішінде ол өзін жауапты, сауатты маман ретінде ғана емес, сонымен қатар, жан-жақты дамыған тұлға ретінде де көрсете білді.

Энергетика саласында мансабын бухгалтер, аға бақылаушы, Көкшетау қалалық электр желілеріндегі аудандық электр энергетикасы аумақтық басқармасы басшысының көмекшісі лауазымдарынан бастаған ол кейін жүрегінің қалауы бойынша электромонтер, РЗАА қызметінің инженері және КИПиА зертханасының меңгерушісі болып жұмыс істеді. Ал, бүгінгі күні электр қондырғыларына қызмет көрсету бойынша күрделі жұмыстарды атқарады. Сонымен бірге, РҚА цифрлық құрылғыларын мониторингілеу, «ақылды» жабдықты пайдалану нұсқаулығын әзірлеумен де айналысады. Әділет өзінің білімі мен тәжірибесін әріптестерімен және өзінен кейінгі жас мамандармен аянбай бөліседі.
–Электржелілік жабдықтарды цифрландыру қарқынды жүргізілуде, сондықтан, мен өз білімімді үнемі жетілдіріп отырамын, жаңа өнімдерді зерттеймін, жабдық өндірушілерімен танысамын. Менің мұндай жетістіктерге жетуіме Қостанайдың инженерлік-педагогикалық университетінде және Санкт-Петербургтегі «Механотроника» ғылыми-техникалық орталығында алған білімім мен тәжірибем арқау болып отыр. Педагогтар маған релелік қорғау және автоматика принциптерін түсіндірді, сандық кіші станциялардың мәнін түсінуге үйретті, бойыма энергетикаға деген сүйіспеншілікті дарытты. Сондай-ақ, өз тәлімгерім РЗАИ қызметін 12 жыл бойы басқарған бас инженердің орынбасары К.А.Әйіповке ерекше алғысымды білдіргім келеді, – дейді бізбен әңгімесінде Әділет Мұқашев.
Әділет негізгі жұмысынан бөлек, қолы бос уақытында шахмат ойнағанды жақсы көреді, спорттық туризм, альпинизм, шығыс жекпе-жегімен айналысады. Бүгінгі таңда ол зайыбы екеуі төрт бала тәрбиелеп отырған бақытты отбасы.
Аслан ОСПАНОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар