Мерей

Көкшетау қаласындағы «ЕНКИ» кірпіш зауыты өңіріміздегі ірі кәсіпорындардың бірінен саналады. Өндіріс Испанияның озық технологиясымен жабдықталған. Зауытта жылына 40-тан астам түрлі- түсті 60 миллион данаға жуық кірпіш шығарылады. Жыл өткен сайын кәсіпорынның материалдық-техникалық базасы нығайып келеді. Мұндағы мамандар жаңа технологиямен жұмыс істеп, өздерінің кәсіби шеберліктерін жетілдіре түсуде. Солардың бірі кірпіш сұрыптаушы болып еңбек етіп жүрген Рүстем Бари. Жас болса да ол аз уақыттың ішінде өзін жақсы іскер екендігін таныта білді. Ол кәсіби тәжірибе жинақтап, жаңадан келіп жатқан жас мамандардың біліктілігін ұштауға да ықпал жасауда. Ұжым арасында беделді. Сонымен қатар, Рүстем ұжымдағы әртүрлі спорт, мәдени шараларға да белсене қатысады.
Суретте: кірпіш сұрыптаушы Рүстем Бари.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар