Рухани жаңғыру – жас ұрпаққа рухани-адамгершілік тәрбие берудің негізі

Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі – жас ұрпаққа адамгершілік және рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезеңінен басталуы керек.
Еліміздің ертеңі, ұлтымыздың болашағы – бүгінгі мектеп партасында отырған бүлдіршіндер екені мәлім. Олардың қамын ойлау – баршамыздың парызымыз. Кез-келген мектептің мақсаты мен мұраты  өркениетті елдердің қатарынан көрінуге үлес қосатын, ел мен жер байлықтарын ысырапқа салмай, игере білетін ұрпақ тәрбиелеу екені белгілі. Ол үшін бүгінгі жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие бере отырып, елдің өткенін, ұлттың тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін, табиғат ерекшеліктерін етене таныстыру қажет.
Көкшетау қаласындағы №2 орта мектеп-лицейінде «Туған жер» бағдарламасы сәтті бастама алып, даңқты жерлестеріміздің өмірбаянымен танысып, көрікті, киелі жерлерге бару дәстүрге айналды. Соңғы жылдары өскелең ұрпақтың патриоттық, Отанға деген сүйіспеншілік қасиеттерін арттыру мақсатында зор жұмыстар жүргізіліп жатыр. Ата-бабаларымыз тәуелсіздікті аңсап, соның жолында күресіп, кең-байтақ жерді аманат етіп қалдырды. Сондықтан, болашақ ұрпақ рухани байлығымызды, өз жерімізді, тілімізді, дінімізді тану, білу мақсатында «Ұлы Даланың ұлы тұлғалары» бағыты бойынша қала көшелерінің тарихын зерттеуге арналған «Қазақстанның танымал тұлғалары атындағы көшелер» атты үлкен іс-шара өтті. 5 «Г» сынып оқушылары Кеңес Одағының Батыры Сұлтан Баймағамбетов көшесі туралы өте қызықты әңгімелеп берді (сынып жетекшісі Анна Иконникова). 6 сынып оқушысы Ольга Анпилова Жамбыл Жабаев туралы ақпарат дайындады (сынып жетекшісі Ерлан Қарсабаев), 9 «Д» сынып оқушылары Біржан сал туралы көп нәрсе білді (сынып жетекшісі Лариса Ливицкая).
Тәлім-тәрбие ісіндегі ең негізі бағыттың бірі – «Мен және менің отбасым» тақырыбы. Балалар өздерінің отбасылық дәстүрлерін білуі керек. Жақындарын жақсы көре білу және оларға қамқорлық жасау – ізгі қасиет. Бала тәрбиесінде әкенің атқаратын рөлі ерекше. Әке институтын нығайту, әке мәртебесін, отбасылық құндылықтарды насихаттау мақсатында үшінші сынып оқушылары арасында «Әкемнің қолынан бәрі келеді» атты бейне байқау өткізілді. 3 «Д» сынып оқушысы Нұрмұхан Азамат (сынып жетекшісі Айгүл Айтжанова), 3 «Г» сынып оқушысы Алима Талғат «Әкемізде – біз алтаумыз» (сынып жетекшісі Жанар Сарсекеева), 3 «Ә» сынып оқушысы Хамит Малика «Әке деген кім?» (Бақыт Әлжанова) атты бейнематериалдар жасады.
Біз өзгеріс пен жаһандану дәуірінде, үнемі және тез өзгеріп отыратын әлемде, өзімізді, дәстүрімізді, руханилығымызды сақтау қажет болатын және оны оңай жоғалтатын кезде өмір сүріп жатырмыз. Қазір әрбір азаматтың өзінің тарихын, шығу тегін білуі маңызды, ол үшін әркім өз мәдениеттілік деңгейін көтеруі қажет.
Әзина ОСПАНОВА,
Көкшетау қалалық № 2 мектеп-лицейі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар