Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ресми сапармен Ұлыбританияда болды.

Мемлекет басшысы Лондонда Ұлыбритания Премьер-Министрі Дэвид Кэмеронмен кездесті. Кездесу барысында Қазақстан мен Британия ынтымақтастығының негізгі бағыттары талқыланды.
Нұрсұлтан Назарбаев Д.Кэмеронның 2013 жылы Қазақстанға жасаған сапары екіжақты қарым-қатынастарға тың серпін бергенін айтты. Сонымен қатар, Қазақстан Президенті  Ұлыбритания Премьер-Министрін соңғы өткен парламенттік сайлаудағы айқын жеңісімен және жаңа үкімет құрамын жасақтауымен құттықтады.  
Елбасы сапар аясында сыртқы істер министрі Филип Хэммондпен, Ұлыбританияның бұрынғы Премьер-Министрі Тони Блэрмен, «Шелл» концернінің бас атқарушы директоры Бен ван Берденмен және басқа да іскер топ өкілдерімен кездесті.

 

 

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ресми сапармен Француз Республикасында болды.

 

Қазақстан Президентінің Француз Республикасының Президенті Франсуа Олландпен кездесуі барысында  екіжақты ынтымақтастықтың негізгі бағыттары талқыланып, күн тәртібіндегі халықаралық өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасылды.
Мемлекет басшысы Франция Қазақстанның маңызды серіктестерінің бірі екенін, елдеріміздің арасында бүгінде экономика және саясат мәселелері бойынша толық түсіністік орнағанын айтты. Нұрсұлтан Назарбаев пен Франсуа Олланд Франция Президентінің Астанаға жасаған кейінгі сапары кезінде қол жеткен уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысын да талқылады.
Кездесу барысында Нұрсұлтан
Назарбаев Франция Президентін І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады. Келіссөздер қорытындысы бойынша бірқатар құжаттар қабылданды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар