30 отбасы пәтер алды

Кеше Көкшетау қаласында да «Қолжетімді баспана – 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында бір топ тұрғындарға жаңа пәтердің кілті тапсырылды.

Осынау қуанышқа кенелген отбасыларды Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары Шамрат Сәдуақасов пен «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы Ақмола облыстық филиалының директоры Айбас Жарқымбаев құттықтап, пәтер кілттерін салтанатты жағдайда табыс етті. Бұл жолы облыс орталығындағы «Сарыарқа» шағын ауданында бой көтерген көпқабатты жаңа тұрғын үйден 30 пәтер пайдалануға берiлсе,  оның 15-і Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары. Олардың арасында ауылда тұратын адамдар да бар.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар