Сыбайлас жемқорлыққа қарсы алғашқы виртуалды көрме өтті

Ақмола облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы алғашқы виртуалды көрме өтті. Іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі аумақтық департаментінің басшысы Мұрат Төлеубаев қатысты.

«Болашақ сарайы» ғимаратының үлкен экрандары мен мониторларында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің іске асырылып жатқан түрлі жобалары, қоғамдық мониторингтер, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама, әлеуметтік зерттеулер, превенция жұмысы, сондай-ақ, мемлекеттік қызметтерді ұсыну үдерістерін цифрландыру мен интеграциялауға бағытталған жобалар туралы егжей-тегжейлі ақпарат көрнекі түрде көрсетіледі.
«Жергілікті тұрғындар да, өңір қонақтары да ақпараттық технологияларды қолдану арқылы ұйымдастырылған аталған көрмені аралай отырып, облыста сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қандай жұмыстар жүргізіліп жатқанын, қандай нәтижелерге қол жеткізілгенін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің перспективалары белгіленгенін біле алады. Мұндай бірегей тәсіл қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін арттыруға кеңінен тартуға мүмкіндік береді деп санаймыз», – деді іс-шара барысында департамент басшысы Мұрат Төлеубаев.
Облыс әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова атап өткендей, аталған іс-шараны «Болашақ сарайы» балалар мен жасөспірімдер сарайында ұйымдастыру туралы шешім қабылданды, өйткені, жаңа ғимараттың жұмысы балалар мен жастарды жан-жақты дамытуға және оқытуға бағытталған, өйткені халық арасында сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыруда өскелең ұрпаққа ерекше мән берілген.
Көрме ұйымдастырушылары сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың осындай заманауи форматтары бүкіл қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымын қалыптастыруда, әсіресе, парасатты жас ұрпақты құруда тиімді құрал болуы керек деп санайды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар