20 мың тіркеу, 130-дан астам бизнес субъектісі. «Ashyq» пилоттық жобасы оң нәтиже берді – «Атамекен» ҰКП

Осы күнге дейін 15 000 астам кәсіпкерлік субъектісі өз жұмысын жандандырмаған. Жекелеген өңірлерде аймақтарға байланысты шектеулер бар, оларды жергілікті жерлердегі бас санитарлық дәрігерлер қабылдайды. Бизнесмендерде залдарды толтырумен байланысты қызметті шектеу, жұмыс режимі, қозғалысты шектеу және дезинфекциялық тоннель және т.б. жаңа санитарлық талаптар бойынша сұрақтар туындайды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Нариман Әбілшайықов мәлімдеді.

Оның айтуынша, 2021 жылғы 22 қаңтардан бастап «Ashyq» қосымшасы «Infokazakhstan.kz» платформсыамен біріктірілді, ол арқылы қатысуға өтінім беруге және QR код алуға болады. Бұл пандемия жағдайында 700 000 астам кәсіпкерлік қызмет субъектісінің жұмысын жандандыруға мүмкіндік берді.

«Ashyq» пилоттық жобасы адамның бойында аурудың қандай да бір симптомдарының, бизнес ортаға жататын қоғамдық орындарға баруға қарсы көрсетілімдердің бар-жоғын анықтайды. Пилоттық жоба Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында қаңтар айынан бастап іске қосылды, бір аптадан кейін облыс әкімдігінің бастамасымен Қарағанды қаласында жүзеге асырылуда. Жалпы, жобаға Қазақстан бойынша 130-дан астам субъект қатысады, осы платформада 20 000-ға жуық тіркеу жүргізілді. Өткен аптада бас санитарлық дәрігер белгілі бір субъектілердің жұмысын жеңілдетуге мүмкіндік беретін жаңа қаулыға қол қойды. Бұл жоба Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде оң нәтижелер берді, бүгінде ірі әуе тасымалдаушылар да «TravelPass» сияқты платформаны әзірледі. Онда да QR жүйесі қолданылады. Меніңше, қазіргі кезде бұл ең оңтайлы және қолайлы жол», – деп атап өтті спикер.

https://ortcom.kz/kk/novosti/20-myn-tirkeu-130-dan-astam-biznes-subektisi-ashyq-pilottyq-zhobasy-natizhe-berdi-atameken-uk

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар