Манасшыға – «Достық» ордені!

Қазақстанға жұмыс сапарымен келген Қырғыз Президенті Садыр Жапаров еліміздегі жалғыз манасшы Баянғали Әлімжановқа «Достық» орденін табыс етті.

Қазақстан Республикасына жұмыс сапарымен келген Қырғыз Президенті Садыр Жапаров Қазақстандағы жалғыз манасшы Баянғали Әлімжановқа «Достық» орденін табыстады. Бауырлас қос елдің тарихы, салты, әдебиеті мен мәдениеті біте қайнасып жатыр. «Мұндай өнегелі ісіңіз өзгелерге үлгі боларлық және көршілес елдердің ынтымағы мен бірлігін одан әрі дамытуға үлкен септігін тигізеді», – деді Садыр Жапаров.
Өз кезегінде ақын, манасшы Баянғали Әлімжанов: «Осындай еңбегімді бағалап, «Достық» орденін беріп жатқандарыңызға мың да бір рахмет. Өзімнің қазақтың жырын қандай жақсы көрсем «Манасты» да сондай сүйіп өстім. Өмір бойы осыны айтып келе жатырмын» – деді алғысын білдіріп.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар