Ана – біздің гүліміз!

Ана – біздің гүліміз!

Халықаралық әйелдер күні – ақ жаулықты апалар, ардақты аналар, аяулы қыздардың мерекесі. Көктемнің алғашқы шуақты мерекелерінің бірінде ер азаматтар нәзік жандарға гүл сыйлап құрметке бөлеп, жылы сөздерін айтады.

Осы мерекеге орай «Бота» шағын орталығының «Жұлдыздар» ортаңғы тобында «Ана біздің гүліміз» атты тәрбие сағаты өтті.
Тәрбие сағатының мақсаты – ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы аналарды мерекемен құттықтау, балаларды мейірімділікке тәрбиелеу, ата-анаға деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.
Құрметті әйелдер қауымы! Сіздерді жыл басы көктемнің айтулы мерекесі – 8 наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтау тілегімді қабыл алыңыздар! Бүгінгі бар тіршілік, жарық дүние, бақытты өмір әйел-ананың да орасан зор еңбегімен келуде. Бауыр еті – балаларына сүйіспеншілік пен іңкәрлік, сұлулық пен махаббат, қайырымдылық пен ақылдылықтың бар болмысын шынайы сіңіре білген ақ пейілді, дархан жүректі нәзік жандарға дүниедегі бар жақсылықты тілеймін!
К.Т. Шәріпова,
«Бота» шағын орталығының «Жұлдыздар» ортаңғы тобының тәрбиешісі.
Станционный кенті,
Көкшетау қаласы.

Пікір қалдыру

Міндетті өрістер таңбаланған Обязательные поля помечены *