Көшедегі шын ниетті құттықтау

Облыс әкімі Ермек Маржықпаев «Көкшетау Тазалық» және «Зерен 2006» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің облыс орталығының көшелерін қардан тазалап жүрген қыз-келіншектерін 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады және гүл шоқтары мен бағалы сыйлықтар табыс етті.

Өңір басшысы өз сөзінде аталмыш серіктестіктердің нәзік жанды еңбеккерлері ауа райының қолайсыздығына қарамастан, жыл бойы қала көшелерін қоқыс пен қардан тазартатынын айтты.
–Сіздердің арқаларыңызда қала көшелері мұнтаздай таза. Адал еңбектеріңіз үшін алғысымды білдіремін. Биылғы жылы қар көп түсіп, жұмыстарыңыз қиындай түсті. Ылғал көп болса, астық та мол болады. Сондықтан, қардың қалың түскеніне бір жағынан қуануымыз керек,–деген облыс әкімі көше сыпырушылардың хал-жағдайын сұрап білді, олармен ескерткіш суретке түсті. Өз кезегінде қыз-келіншектер өздерін сыйлап, көңіл бөлгені үшін өңір басшысына алғысын білдірді.
Рамазан ТІЛЕУОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар