Қар еріп, су тасыса…

Облысымызда республикалық «Көктем – 2021» оқу-жаттығуы өтіп, онда көктемгі су тасқыны салдарынан туындайтын төтенше жағдайлардың зардабын жою кезіндегі іс-қимыл және азаматтық қорғаныс жүйесінің дайындығы пысықталды.

Наурыздың 4-5 күндері өткен шараға төтенше жағдайлар департаментінің аумақтық бөлімшелері және азаматтық қорғаныс құрылымдары, облыстық азаматтық қорғау қызметтері, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5510 әскери бөлімі, жергілікті атқарушы органдар, кәсіпорындар мен ұйымдардың өкілдері тартылды. Облыстық оқу-жаттығуды өткізу орны Атбасар және Целиноград аудандары мен Көкшетау қаласы болып айқындалды.
Көкшетау қаласындағы №8 орта мектеп аумағында өткен арнайы-тактикалық жаттығу жұмыстары барысында көктем айларында орын алатын су тасқыны тәрізді төтенше жағдайларды жою кезінде басқарма органдары мен мемлекеттік азаматтық қорғаныс күштерінің дайындығы тексеріліп, алгоритмі пысықталады.
Аслан ОСПАНОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Суреттерді түсірген Советбек МАҒЗҰМОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар