Асық ойнаған озар…

 Дарынды балаларға арналған мамандандырылған №3 облыстық мектеп-интернатында «Қазақ тілі мен мәдениеті» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен мектеп оқушылары арасында  облыстық ІІ Ұлттық асық ойындары бойынша сайыс болып өтті.
Ұлттық асық ойынын жаңғырту, насихаттау мақсатында өткен додаға  Көкшетау, Степногорск қалалары мен Зеренді, Бұланды, Бурабай, Жарқайың  аудандарынан сегіз топ  жиналды. Қатысушылар  асық ойынының «Асық ату», «Ханталапай» және «Бес асық» түрлерінен сынға түсті.
Жарыс қорытындысында  жалпы топтық есеп бойынша Көкшетау қаласының №1 орта мектебінің тобы асығын алшысынан түсіріп, бірінші орынға ие болды. Ал, екінші, үшінші орындарды №3 Дарын мектеп-интернаты мен Зеренді ауданының №2 орта мектебі өзара  бөлісті.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар