Айтары мол конференция

Таяуда біздің білім ордамызда Кеңес Одағының Батыры, академик-жазушы Мәлік Ғабдуллиннің 100 жылдығына орай, облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді.

Іс-шараның басты мақсаты батырдың бойындағы барша ғажайып қасиеттерді толайым ашып, көрсету болатын. Алдымен «Елі сүйген ер Мәлік» деп аталатын кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге ғалымның  әр жылдары жазылған оқулықтары, Ұлы Отан соғысы жылдары батыр Мәлік туралы жазылған өлең-жырлар және басқа да жинақтар қойылды.
Әдеби-көркем «Көкшетау» журналында жарияланған филология ғылымдарының докторы, батырдың шәкірті Серік Қирабаевтың көлемді мақаласы оқырмандар тарапынан қызығушылық туғызды. Шара барысында Мәлік Ғабдуллин мұражайының негізін қалаушы және алғашқы директоры, батырдың немере келіні Мәриям Кенжеахметова жан-жақты, тұшымды әңгіме айтып берді. Сондай-ақ, Көкшетау қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Рүстем Шериязданов, еңбек ардагері Тельман Мұқышев, «Қазақ тілі мен мәдениеті» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мейрамбек Қиықов және басқалар сөз сөйлеп, сегіз қырлы, бір сырлы абзал азаматтың сан қырлы таланты мен мол дарыны жа-йында ой толғады.
Конференция жұмысына техникалық институттың курсанттары да қатысты. Кейінгі жас ұрпақ Алаштың дәл осындай айтулы ұлдарының ерлігі мен еңбегінен өнеге алып өссе, нұр үстіне нұр. Конференция барысында Мәлік ата жайындағы бейнефильм мен курсанттар орындаған «Мәлік атаның монологы» көпшілікті айрықша әсерге бөледі.

Еркін ИСІМБАЕВ,  
«Өрлеу» Ақмола облысы
бойынша педагогикалық
қызметкерлердің біліктілігін арттыру
институтының директоры.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар